Абай музейі жаңа архивтік деректермен толықты

03.06.2015 16:05 1414

 

Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайының қызметкерлері М.Қайрамбаева, А. Алдабергенова, Р. Елекенова Омбы қаласына іссапармен барып қайтты. Іссапар барысында Омбы облыстық мемлекеттік тарихи архивінде зерттеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар архив кітапханасындағы сирек кітаптар мен XIX-XXғғ. мерзімді басылымдар қарастырылды.

Омбы қаласындағы Ресей Ғылым Академиясының Этнография және археология институтының қызметкерлерімен кездесіп, Қазақстан тарихына қатысты деректер алынды.

Іссапар нәтижесінде Абайдың інісі оқыған Омбы кадет корпусына, Абайдың ұлдары Мағауия және Тұрағұлдың өміріне қатысты деректердің көшірмелері алынып, мұражай қоры толықтырылды.

по материалам: mks.gov.kz