Мәдениет және спорт министрі Успенск кафедралды соборында болды

04.06.2015 11:40 1389

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015 жылғы 3 маусымда Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астана қаласындағы Успенск кафедралды соборында болды.

Министрді Қазақстан православие шіркеуінің басшысы, Қазақстандық және Астаналық митрополит Александр қарсы алды. Ведомства басшысын Собор құрылымы және оның қызметкерлерінің күнделікті тұрмысымен таныстырды.

Әңгімелесу барысында Министрлік пен Қазақстан православие шіркеуі өкілдері мемлекет пен діннің өзара әрекеттесуінің өзекті мәселелерін талқылап, ү.ж. 10-11 маусымда елордамызда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезін ұйымдастыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Министр айтып кеткендей, Қазақстан православие шіркеуінің қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, мемлекет пен діни бірлестіктер арсындағы диалогты дамытуға маңызды үлес қосуда.

Әңгімелесуге ҚР МСМ Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Б. К.Кулекеев және Успенск кафедралды соборының діни қызметшісі С. Карамышев те қатысты.

по материалам: mks.gov.kz