А. Мұхамедиұлы: «Астананың» әйгілі «Джиро д’Италия» көпкүндігіндегі жеңісі барша әлемдік спорттағы қуанышты оқиға!

06.06.2015 09:25 1475

6 маусым, 2015. Астана. – «Джиро д’Италия» супер велокөпкүндігіндегі Сіздің жеңісіңіз тек біздің мемлекетіміз үшін ғана емес, барша әлемдік спортты дамытудағы қуанышты оқиға, - деді Қазақстан мәдениет және спорт министрі қазақстандық «Астана» велокомандасының  көшбасшыларымен кездесуде.

Қазақстанның тас жол  кәсіби велокомандасы Италия және Швейцария жолдарымен 98-ші супер велокөпкүндігінің жалпыкомандалық жарыстарында бірінші орынға қол жеткізіп, жеңімпаз атанды. Команда көшбасшылары Фабио Ару мен Мигель Ланда бас классификацияда сәйкесінше екінші және үшінші орынға ілікті. Сондай-ақ, Фабио Ару жарыстардың жастар классификациясында көшбасшысы ретінде жарыстардың ең үздік жас спортшысы атанды.

Қонақтарға арналған сөзінде мәдениет және спорт министрі отандық кәсіби команданың осындай айтулы оқиғаның маңыздылығына тоқталып өтті. Ол көпкүндікті барша қазақстандықтар мен әлемнің бүкіл спорт сүйер қауымы ерекше қызығушылықпен қарағандығын баса айтты.

«Барша әлем «Джиро д’Италия» жарыстарын аса қызығушылық танытып қарады. Өйткені бұл кезең өте шытырман және  ерекше болды. Біз негізін Елбасы қалаған «Астана» қазақстандық командасы топ жарып, бірінші орын алғандығына өте қуаныштымыз», - деді ведомства басшысы.

Ол қазақстандық велоспортшылардың, әсіресе«Астана» Президент кәсіби спорт клубының спортшыларының жетістіктері елдегі велоспортпен шұғылданушылар санының күрт өсуіне септігін тигізгендігін баса айтты.   

«Қазақстан велоспорт федерациясының төрағасы Дархан Калетаевқа, «Астана» велокомандасының басшылығына, соның ішінде ерекше алғысымды клубтың бас менеджері Александр Винокуровқа үлкен алғыс білдіргім келеді. Сондай-ақ, Фабио Ару және Мигель Ланда секілді спортшыларымызға да жеке рахмет айтамын», - деп Арыстанбек Мұхамедиұлы велоспорт басшылығы мен Президент клубының мүшелеріне отандық велоспорттың дамуына қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

Кездесу соңында споршылар мен «Астананың» бас менеджеріне естелік сыйлықтар тапсырылды. Спортшылар болса, министрге велокоманда мүшелерінің қолы қойылған форма сыйлады.

по материалам: mks.gov.kz