«Астана Опера» сахнасында әйел жанының айбындылығы жөнінде «Айналар травиатасы» баяндайды

09.06.2015 09:55 1481

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14 маусымда Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың шәкірті, халықаралық конкурстардың лауреаты Гүлжанат Сапақова «Астана Опера» театрының Үлкен залының сахнасында алғаш рет өнер көрсетеді. Жас әртіс Хеннинг Брокгауздың қойылымындағы әйел жанының айбындылығын баяндайтын Дж. Вердидің «Айналар травиатасы» операсында куртизанка Флора Бервуаның рөлін сомдайтын болады.

Сырға толы да, тамаша Виолетта Валеридің ролін ҚР Еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай орындаса, жастық жалыны теңіздей тасыған ғашық Альфред Жермонды операның жетекші солистіМейір Бәйнешовжеткізеді, ал қатал әрі қамқор әке Жорж Жермонның бейнесін ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Талғат Мұсабаевсомдайды.Аталған кеште дирижерлық тізгінде — ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов.

Дж. Вердидің музыкасы мінсіз де, шексіз махаббатты баяндайды. Балдың шуға толы қарбаласы, жүректі тулатқан сезімдер, таң қаларлық адам жанының пәктігі, бақыт жайлы армандар, сондай-ақ ауру мен өлім жайлы қайғылы тақырыптарұлы композитордың дана партитурасында кереметкөрініс тапқан.Батылжаңа сюжеттерді жаны қалайтын албырт та, қызба Джузеппе Верди, еркіндікті сүйетін һәм адал, шынайы махаббатқа және өзін-өзі шынымен де құрбан етуге дайын тұрған кемел бас кейіпкердің бейнесін жасады.

Йозеф Свободаның жүректі де, жаңашыл декорациялары мен Джанкарло Колистің «суреттегідей» сәнді костюмдері көрерменді XIX ғасырдағы париждік орта деңгейлі салондарға еліктіріп әкетеді. Спектакль бойы шағылу бұрышын ақырын өзгертіп отыратын айналар, соңында көрерменге бұрылып, олардың да осы қойылымның қатысушысы екенін білдіреді.

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Нұрқалиев пен Валентина Эскобар (Италия) шығарған соны хореографиялық номерлер,қалыптасқан дәстүр бойынша, опералық спектакльге сән беріп, қойылымды танымал туындылардың біріне айналдырып, аша түсті. Оның тамашалаған әрбір көрерменнің көңілінен шығатыны сөзсіз.

Александр Дюма-ұлының «Камелия ұстанған ханым» романының желісімен жазылған опера тыңдарманға алғаш рет 1853 жылдың 6 наурызында венециялық «Ла Фениче» театрында ұсынылған болатын. Либреттоавторы Франческо Мария Пьяве."Астана Опера» театрында операның тұсаукесері 2014 жылдың 22 қарашасында үлкен табыспен өткен еді.

2 сағат 50 минут жүретін спектакльекі антрактіден тұрады. Итальяндық тілде орындалады (қазақ және орыс тілінде ілеспе аударма жүреді).

по материалам: mks.gov.kz