ИСЕСКО басшысы «Алматы – ислам мәдениетінің астанасы» сертификатын табыстады

11.06.2015 16:37 1363

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11 маусым, 2015. Астана. Бүгін Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының V съезіне қатысу аясында Қазақстан Ұлттық музейінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының Білім, ғылым және мәдениет ислам ұйымының (ИСЕСКО) бас директоры Абдель Азиз Ат-Туэйджримен кездесуі өтті. ИСЕСКО басшысы мәдениет және спорт министріне «Алматы — ислам мәдениетінің астанасы» сертификатын тапсырды.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстанның ИСЕСКО шеңберіндегі ынтымақтастығы, мәдениет және өнердің халықаралық саяси үрдістердің қалыптасуындағы маңызы, сондай-ақ ислам әлемінің мәдени дамуы мәселелерін талқылаған болатын.

Кездесуге қатысушылар Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі секілді шараларды өткізудің маңыздылығына да тоқталып өтті.

«Бастамашысы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев болып табылатын Съезд қоғамның мәдениетаралық, дінаралық және конфессиялық келісіміне зор үлес қосып, жалпыадамзаттық құндылықтардың белсендірілуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар ол тек ислам ғана емес, барша әлем мемлекеттерінің бірігуі мен ұйымдасуына жағдай жасай отыра, елдер арасындағы қарым-қатынастардың дамуына жағымды әсер етеді", — деді ИСЕСКО бас директоры.

Сондай-ақ, А. Мұхамедиұлы мен А. Ат-Туэйджри қазіргі геосаяси жағдай ұлтаралық келісім мен толеранттылықты күшейту жолында елдер арасындағы екіжақты және көпжақты әріптестіктің белсендіру, одан әрі дамыту және тереңдей түсіру қажет екендігіне келісті.

Ислам Конференциясы Ұйымына мүше-мемлекеттер негізін қалаған «Ислам мәдениетінің астаналары» бағдарламасы кездесудің тағы бір себебіне айналды.

ИСЕСКО басшысы Қазақстан мәдениет және спорт министріне «Алматы — ислам мәдениетінің астанасы» сертификатын тапсырып, қонақжайлық пен Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының V съезін ұйымдастырудың жоғары деңгейі үшін алғысын білдірді.

Еске салып кетсек, «Алматы — ислам мәдениетінің астанасы» жылының ашылуы Білім, ғылым және мәдениет ислам ұйымының қолдауымен өткен Халықаралық конференция кезінде өтті.

по материалам: mks.gov.kz