Елбасы Астанада Бейбітшілік және келісім мұражайын құруды ұсынды

11.06.2015 16:31 1331

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11 маусым, 2015. Астана. Бүгін Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының V Съезі барысында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Бейбітшілік және келісім мұражайын құруды ұсынды.

«Мен осы ғимаратта (Бейбітшілік және келісім сарайы) Бейбітшілік және келісім мұражайын ашуды ұсынамын», - Съез жұмысын қорытындай келе деді Н. Назарбаев.

Қазақстан Президенті Бейбітшілік және келісім сарайы 2003 жылы І съез қатысушыларының шешімі бойынша аталмыш форумдарды өткізу шешімімен салынғандығын еске түсірді.

«Идеямның негізі бұл ғимаратта барлық діндердің дұға ету орындарының көзделуінде жатқан болатын. Менің ойымша, бұндай мұражай қажет. Ол адамзат дамуы мәселелеріне шешімдерін жалпыландыру, діндер мен халықтардың арасындағы бейбітшілік пен өзара түсіністікті күшейту үшін маңызды болады», - деп қосты Елбасы.

по материалам: mks.gov.kz