Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ЮНЕСКО-мен ынтымақтастығын кеңейтуде

11.06.2015 16:37 1390

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстандық делегация (ЮНЕСКО) ұйымдастырған «2003 ж. Материалды емес мәдени мұраны қорғау туралы Конвенция қызметінің әлеуетінің бағалау тетіктерін нығайты» семинарына қатысты. Делегация құрамына Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов, ЮНЕСКО-ның Кластерлік бюро мәселелері бойынша маманы Юрий Пешков және профессор Рафис Абазов кірді.

Семинарға қатысу аясында қазақстандық өкілдер ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде (Париж, Франция) бірқатар кездесулер өткізді. ЮНЕСКО-ның мәдени мұра бағдарламасы бөлімінің мамандары Хелена Дробной, Сессиль Дувел және Сьюзен Шнутгендермен әңгімелесу барысында ЮНЕСКО-ның жұмыс істеп тұрған Азия-Тынық мұхиты аймағындағы материалды емес мәдени мұраның міндеттері, рәсімдері, мандаттары мен жұмыс тетіктері жайлы қарастырылды.

Қазақстан делегациясы ЮНЕСКО Азия-Тынық мұхиты аймағы мәдени секторының бағдарламалық мамандары Роланд Лин Чи-Хунг, Фенг Джинг және Азия-Тынық мұхиты аймағы мәдени секторының бағдарламалық маманының көмекшісі Хе-сенг Шиммен кездесіп, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің жағдайы мен Тамғалы шатқалының мәселелерінің жоспар-менеджменті мен есебін талқылады.

Отандық мамандар ЮНЕСКО әлеуметтік мәдениаралық диалог пен гуманитарлық ғылым Секретариаты бөлімінің бастығы Прайс Анн Белинда және ЮНЕСКО-ның әлеуметтік мәдениаралық диалог пен гуманитарлық ғылым Секретариаты бағдарламасының маманы Сяолинг Ченгпен әңгіме кезінде Қазақстанда келешекте ЮНЕСКО-ның қорғауындағы 2 категориялы Орталықты құру мәселесін көтерді.

ЮНЕСКО мәдени мұра құқықтық қорғау саласының маманы Эдуард Планше мен ЮНЕСКО-ның мәдени мұраны қорғау шарты бөлімінің маманы Мария Минаномен болған кездесу барысында тараптар 2016 жылы ЮНЕСКО Конвенциясы 1970 «Мәдени құндылықтардың заңсыз саудасына қарсы күрес» тақырыбында семинар өткізу мүскіндігін қарастырды. Қазақстандық делегация аталмыш семинарды Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының жаңадан салынған Ұлттық Музейінде өткізуді ұсынған болатын.

по материалам: mks.gov.kz