Қастеев музейі Ү. Әжиевті еске алу кешіне шақырады

10.06.2015 17:02 1559

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 маусым, 2015. Алматы. Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы бейнелеу өнері мен мәдениет қауымдастығы өкілдері мен ізет тұтушыларды көрнекті Қазақстан суретшісі Үкі Әжиевті еске алуға арналған шығармашылық кешке шақырады.

Үкі Әжиев өзінің көп қырлы шығармашылығында ұлттық акварель мектебінің тұтас бір қалыптасу дәуірі мен өркен жайған шағын бейнеледі. Тынымсыз шығармашылық ізденістің, адам баласына деген, оны қоршаған ортаға деген адал махаббаттың иесіболған ол Қазақстандағы көркемдік процестің дамуында шоқтығы биік белеске айналды. Шебердің сексен жылдық шығармашылық жолы Қазақстан бейнелеу өнеріне адал қызмет етті. Өз кезегінде қазақстандықтар оның еңбегі мен шығармашылық мұрасына ерекше құрметпен әрі ризашылықпен қарайды.

Ү. Әжиевтің жұмыстары — ел мәдениетінің өлмес ескерткіші әрі әлемдік бейнелеу өнерінің ең үздік жинақтамаларында Қазақстанның даңқын шығарған дүниелер. Атап айтқанда, Лондон сәулет және өнер мұражайында (TateBritain), Мемлекеттік Третьяков галереясында, Шығыс өнері мұражайында (Мәскеу), ТМД елдерінің және Киев, Вильнюс, Рига өнер мұражайларында, Франция, Италия, Германия, АҚШ, Швейцария, Оңтүстік Корея және т. б. жеке коллекцияларында сақтаулы.

Шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы қаласының Әкімдігі, Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайының қолдауымен өтеді.

Әжиев Үкі Әжіұлы — Қазақстан акварелінің хас шебері, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, мәдениет және өнер саласындағы Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, ҚР Тұңғыш Президенті стипендиясының лауреаты, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, Ұлы Отан соғысының ардагері, Ленинград блокадасына қатысушы.

по материалам: mks.gov.kz