Қазақстан ғылыми медициналық мекемелердің тарихы туралы жинақтың тұсаукесері өтеді

16.06.2015 09:47 1506

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015 жылдың 18 маусымында ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатында «Ғылыми медициналық мекемелердің тарихынан. Қазақстан: 1941-1945 жж.» атты кітабының тұсаукесері өткізіледі. Жинақ Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының қызметкерлер ұжымымен дайындалды.

Ұлы Отан соғысы — қатысушылар және олардың ұрпақтары ұмытпас тарих беттерінің бірі. Соғыс сияқты төтенше жағдайлардан адамзат баға жетпес және алуан түрлі тәжірибе алады: соғыс өнері, құрбандық болу, өзін-өзі бағалау, жанашырлық, ақырында, аман қалу.  

Осы мәселенің төңірегіндегі тақырыптардың барлығы зерттеушілердің назарын аударады. Сол мерзімнің медицинасы және денсаулық сақтауы — ерекшелік емес. Соғыс уақытындағы денсаулық сақтау тарихына жүргізген көптеген зерттеулердің нәтижесінде әскери дәрігерлердің еңбектеріне қорытынды жасалынды. Соғыс кезінде 72,3% жараланған және 90,6% науқас жауынгерлер қатарға қайтарылған еді…  

1925 ж. алғашқы медициналық профильдегі ғылыми-зерттеу мекемесі - ҚазКСР-нің ДСХК ҚазОАК атындағы өлкелік санитарлық-бактериологиялық институты құрылған. Институттың ашылуына республикадағы эпидемиялық ауыр жағдай негіз болды. Инфекциялық аурулар өршіп тұрған еді: шешек, қызылша, дифтерия, ішек инфекциялары, әсіресе іш сүзегі. 1940 ж. тағы — 4 аналогиялық, соғыстың аяғында — 2 аналогиялық мекемелері құрылды. 1945 ж. Қазақстанның денсаулық сақтау саласында 7 ғылыми-зерттеу институттары қызмет атқарды

Беріліп тұрған материалдар мен құжаттардың жинағы ғылыми-танымал түріндегі тақырыптық басылым болып табылады. Оны дайындау үшін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының сақтауында жатқан Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі ғылыми-зерттеу институттарының 7 қорларының құжаттары бойынша айқындау және таңдау жұмыстары жүргізілді. Берілген мәтіндерде тікелей републикадағы және майдандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылау, түрлі инфекциялық аурулармен күресу үшін жаңа және ғылыми әдістерді табу, жараланғандарды емдеу, сонымен қатар, соғысып жатқан елдің болашағы — әйелдер мен балалардың денсаулығын сақтау сияқты ҒЗИ қызметкерлерінің еңбектері кеңінен көрсетілген. Кітап түпнұсқа басылым болып табылады: барлық 115 құжаттар алғашқы рет жарияланып отыр.  

Таныстырылымның төңірегінде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның деректі фильм көрсетіліп, құжаттар көрмесі дайындалады.

Өткізілетін іс-шараға Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарының және ғылыми медициналық мекемелерінің басшылары, тарихшылар, медициналық қызметкерлер, сонымен қатар С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің мұғалімдері және т. б. қатысады.

по материалам: mks.gov.kz