Бас директордың орынбасары жұмыс барысымен Алматы қаласына барды

16.06.2015 09:47 1619

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015 жылдың 12-13 маусымында Қаз ҒЗМИ бас директорының орынбасары А. Төлеш жұмыс барысымен Алматы қаласына барды. Мәдени астанаға арналған іссапардың басты мақсаты «Қазақ хандығына 550жыл» тарихи-драмалық деректі фильмін белсенді түсіріп жатқан "Гафу" киностудиясына бару еді.

Алматыға барған іссапар кезінде А. Төлеш киностудияның монтажды студиясына келіп фильмді монтаждау процессін жеке бақылады. Монтаждың режиссері Наталья Рыбловамен кинотаспаны монтаждаудың өзгешелігі мен ерекшелігі жайлы әңгімелесті. Костюмдер бойынша суреткер Алия Имашева киностудия қонағына фильм қаһармандарының киімдері жайлы айтып, актерлар киген киімді көрсетті. Қаз ҒЗМИ бас директорының орынбасары қоюшы суретші Жапақов Нұрболатпен болған әңгімеге үлкен көңіл бөлді. Әңгіме барысында А. Төлеш өзін қызықтырған соғыс көріністерінің түсірілімі, түсірілімге қандай қарулардың қолданғанын және актерлардың жауынгерлік оқу курстарынан қалай өткені сынды бірқатар сұрақтарға жауап алды.                      

Фильмді түсіруші топтың сөзі бойынша, «Қазақ хандығына 550-жыл» тарихи-драмалық деректі сериялы –  халықтың рухани қажеттілігін қанағаттандыратын, қоғамдық қызығушылықтарға қызмет ететін және Қазақстан Республикасын кино өнері арқылы әлемдік аренада танымал ететін  масштабты киножоба болмақ.                     

Бақыт Қайырбеков, «Қазақфильм» киностудиясының президенті:

 «Фильмде тек нақты тарихи оқиғалар мен олардың пайда болу шарттары ғана емес, қазақ халқының ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық өзін-өзі тану негіздерінің философиялық және идеологиялық тұрғыдан алғандағы  әдемі аңыздары мен мифтері үндестік табады».

Іссапар қорытындысын Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты шығармашылық есеп ретінде дайындап, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігіне тапсырылатын болады.