Астана Елорда күнін тойлауға дайындық үстінде

17.06.2015 17:05 1446

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

17 маусым, 2015. Астана. – Елорда күнін ұйымдастыру жұмыстарына 4,5 мыңнан астам адам тартылды, - деп мәлімдеді Астана мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәжілісінде.

«Биылғы Астана күні тойланудың ірі көлемімен ерекшеленетін болады. Осы себеппен ұйымдастыру жұмыстарына 4,5 мыңнан астам адамды тартылды. Олардың қатарында кәсіби сценарийшілер, қоюшы-режиссерлар, техникалық қызметкерлер, сондай-ақ, волонтерлар де бар», - деді спикер.

Оның сөзіне қарағанда, волонтерлар тобы ерікті негізде қалыптастырылған болатын.

«Олар ұйымдастырудағы көмектері үшін еш қаражат алып жатқан жоқ. Оларды біріктіретін күш – ол Астана күнін шынымен есте қаларлық етіп өткізу деген бір ғана ниеттері бар», - деп хабарлады ол.

Астана күнінің ресми түрде тойлануы 4 шілде күні мемлекеттік туды көтеру салтанатынан басталатын болады. "Astana Art fest" фестивалі суретші, әртістер, музыканттар мен көрермендерді біріктірсе, «Нұрлы Есіл» пиротехникалық көрсетілімі көптеген қонақтардың басын қосады деп күтілуде. Жалпы бұл күндері 70 аса іс-шара өткізу жоспарланған.

Еске салып кетсек, жыл сайын 6 шілде күні Қазақстанда Астана күні тойланады. Биылғы мереке Қазақ хандығының 550-жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-жылдығы аясында өтеді.– «Ел жүрегі –Астана!» Елода күнінің басты ұранына айналды.

по материалам: mks.gov.kz