ЕҚЫҰ Жоғары Комиссары: Қазақстанның азшылық ұлттарға қатысты тіл саясаты күн туралы аңызды еске түсіреді

17.06.2015 10:15 1380

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16 маусым, 2015. Астана. Бүгін ресми кездесу барысында Қазақстан мәдениет және спорт вице-министрі М. Әзілханов пен Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының азшылық ұлттар ісі жөніндегі Жоғары Комиссары А. Турс этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісін, үкіметтік емес ұйымдардың қызметі, ономастика мәселелері, сондай-ақ елдегі түрлі этностар өкілдерінің дін таңдау құқығы мен Қазақстандағы тілдерді дамытудың келешегін талқылады.

Кездесу барысында ЕҚЫҰ Жоғары Комиссары қазақстандық әріптестерін Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығымен құттықтап, Елбасының бес институционалды реформасын жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» ұлттық жоспарына жоғары баға берді. Ол аталмыш ірі өзгерістер қазақстандық қоғамның одан әрі қарайғы біреге түсуіне өз септігін тигізетіндігіне сенімін білдірді.

Әңгімелесу барысында мәдениет және спорт ведомствасының вице-министрі тілдерді дамытудағы жағдай біздің елімізде бірегей болып табылатындығын хабарлады. Әлемнің өзге мемлекеттеріне қарағанда, Қазақстанда негізгі ұлттың тілі – мемлекеттік тілді дамыту мәселесі келелі болып табылады. Біздің еліміз қазақстандық қоғамға үш тұғырлы тіл қағидаларын енгізу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатқандығын да тілге тиек етуді ұмытпады.

«Әлемдік шаруашылық үрдістерге енуді тездету, өзге мемлекеттер мәдениеттерімен жақындай түсу, көптеген әлемдік үрдістер ағылшын тілінде жүріп жатқандығын түсіне отырып, мемлекеттік және орыс тілдерімен қатар ағылшын тілін де дамыту туралы шешім қабылданды», - деп хабарлады мәдениет және спорт министрлігі басшысының орынбасары.

Марат Әзілханов мемлекеттік тілді дамыту жұмысында өзге ұлттардың өз тілін дамыту құқығына еш қысымға жол берілмейтіндігін баса айтты. Керісінше, түрлі этностардың тілдерін дамуына қазақ тілімен бірдей жағдайлар жасалады.

Астрид Турс өз кезегінде қазақстандық әріптестердің бұл бағытта жүргізіп жатқан жұмыстарына қанағаттанушылық білдірді.

«Бала кезімде күн және жел туралы аңыз естіген болатынмын. Күн және жел олардың қайсысының әсерімен адам күртесін шешеді деп дауласқан еді. Жел үргенде, адам күртесін шешпес түгел, керісінше киімін қымтай түседі. Азшылық ұлттарға қатысты Қазақстан тіл саясаты да сол аңыздағы күн секілді – ол қысым көрсетпей, керісінше көмектеседі», - деді ЕҚЫҰ өкілі.

Ономастика мәселелері әңгімелесудің бөлек тақырыбына айналды. Вице-министр Жоғары Комиссарға Қазақстан ономастикалық комиссиялардың жұмысы туралы баяндады. Ол кез келген деңгейдегі атауларды қоюдағы бірыңғай жүйені жасақтау мақсатында 2015 жылы атауларды өзгертуге мораторий енгізілгендігін де айтты. Ономастикадағы ортақ қағидалары мен талаптарын құру қажеттілігі ұлттық азшылыұтардың құқықтарын бұзбаушылықпен де түсіндіріледі.

Сонымен қатар кездесуге қатысушылар үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру мәселелері, дін және этносты таңдау еркіндігі мен нәсілдік қысым көрсету тақырыптарына тоқталып өтті. Жоғары Комиссар Қазақстанға қонақжайлығы үшін алғысын білдіріп, шілде соңында 2022 жылғы Олимпиада астанасын сайлауларында сәттілік тіледі.

Сұхбаттасуға тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Қ. Асылов, Елші – Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының Басшысы Н. Зарудна, Азшылық ұлттар ісі жөніндегі Жоғары  Комиссариаттың аға саяси кеңесшісі Д. Крофт, Комиссариаттың заңнамалық мәселелері бойынша кеңесшісі Х. Лаурентиу қатысты.

по материалам: mks.gov.kz