Қаз ҒЗМИ-да «Ұйымдар қызметінің құжаттамалық қамтамасыз етудің заманауи технологиясы» тақырыбында екі күндік семинар басталды.

16.06.2015 09:48 1602

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015 жылдың 16-17 маусымында Қаз ҒЗМИ-да «Ұйымдар қызметінің құжаттамалық қамтамасыз етудің заманауи технологиясы» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстары өткізіледі.

Курстар 2015 жылдың 16 ақпанындағы Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігінің кеңейтілген Әріптестер жиналысының шешіміне сәйкес өткізіледі. Оқытуды республиканың жетекші мұрағаттанушылары мен құжаттанушылары, жоғары мамандандырылған мамандар, іс қағаздарын және мұрағаттық істерді, оқулықтар мен әдістемелік жәрдемақылардың, нормативті актілердің авторлары жүргізеді. Біліктілікті арттыру курстарына Атырау облысының мұрағат жетекшілері, «Эйр Астана» АҚ мұрағаттанушылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің құжатпен қамтамасыз ету бөлімінің жетекшілері оқытылуда.

Екі күндік семинарда дәрісті Әмірғожина Ляззат – Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі РММ «Орталық мемлекеттік мұрағатының» заңды тұлғалардың мұрағаттарымен жұмыс істеу бөлімінің бастығы және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ақпараттық жүйелерді қолдау бөлімінің бастығы – Замирова Гульфия өткізді.

Курс аяқталғасын тыңдаушыларға сертификаттар беріледі