Алматыда шығармашылық жастар фестивалінің гала-концерті өтеді

18.06.2015 10:20 1380

 
 

2015 жылдың 22 маусымында Алматы қаласының Мәдениет және демалыс орталық саябағындаңы «Шабыт» жазғы театрында «Балалар әлем ырғағында» қазақстандық жас өнерпаздар тұңғыш Фестивалінің жеңімпаздары қатысатын Гала-концерт өтеді. Шара ұйымдастырушылары – ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан ұлттық федерациясы.

Іс-шара ЮНЕСКО 70-жылдығы мен негізі Қазақстанның ұсынған идеясының БҰҰ Бас Ассаблеясы бекіткен Мәдениеттердің өзара жақындасуының халықаралық онжылдығы аясында өтеді. Жоба дарынды жас орындаушыларды анықтап, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыру мен еліміздің мәдениетін балалар шығармашылығы арқылы насихаттауға бағытталған.

Фестивальға вокал, аспапты және хореографиялық бағытта бақ сынасатын 12 және 17 жас аралығындағы дарынды қазақстандық жастар қатысады. Іріктеп алу кезеңдерінде ақтық концертке қатысу құқығы үшін 1500 қатысушы атсалысып, олардың арасында 25 жеңімпаз анықтап алынды.

Бағдарлама аясында балалар үшін түрлі шеберлік сағаттары, тренингтер, Қазақстан жетекші мәдениет және өнер қайраткерлерімен дәрістер,танмыал тұлғалардың қатысуымен шығармашылық кештер, мәдени бағдарлама және т.б. ұйымдастырылады.

Байқау финалы отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтеді. Роза Рымбаева, Марат Бисенғалиев бастаған Алматы симфониялық оркестрі, Марсэль әнші,  Art Vocal, JCS және Ғазиза Ғабрахимовалар балалармен бір сахнада өнер көрсететін болады.  

Еске салып кетсек, ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы тұңғыш клубы осыдан он жыл бұрын құрылды. Бүгінгі таңда Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұлттық федерацияның құрамына 35 білім беру мекемесі кіреді.

 

по материалам: mks.gov.kz