Әлемнің ең көне Сан-Карло Қазақстанға алғаш рет гастрольмен келеді

22.06.2015 10:06 1319

 

 

5 және 6 шілдеде «Астана Опера» сахнасында әлемдегі ең көне Сан-Карло театрының Қазақстандағы алғашқы гастрольдері өтеді. Неаполитандық театрдың әртістері Астана қонақтары мен көрермендеріне әлемдік деңгейдегі жұлдыздар Норвегиялық ұлттық балеттің прима балеринасы Иоланда Корреа және премьері Йоэль Карреньоның қатысуымен қойылатын Адольф Аданның «Жизель» балетін ұсынады.

Жизель партиясын орындайтын примабалерина Иоланда Корреа тамаша техникасымен әйгілі,оның билеу мәнерінде мін жоқ, оған керемет үйлесімділік – сахнада жарқырап, жеңіл, әсем әрі сенімді қимылдау, музыкаға деген жоғары қабілет тән.Оның серігіЙоэль Карреньоханзада Альберттің рөлін сомдайды. Кубалық биші қайталанбас дара әртістік қабілетімен және сахнаға сайтамаша дене бітімімен еліктіреді. Ол күрделі қимылдарды асқан шеберлікпен, таза орындауды, би қимылын мәнерлі әдіске сала білуді меңгерген.

60 адамнан тұратын неаполитандық театрдың балеттруппасы«Жизель» балетін КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық иегері Людмила Семеняканың редакциясында ұсынады. Үлкен театрдың примасыЖизель партиясын дүние жүзінде ең үздік орындайтындардың бірі болғанын еске салайық.

Сюжетке, аңызға айналған қыздар-виллисалар – тойға дейін көз жұмған, алданған қалыңдықтар негіз болған. Олар өмір бақи орман кезіп, түнгі жолаушыларды еліктіріп, әлсіреп өлгенше биге шыр айналдыруға мәжбүр. «Гүлмен әрленген некеқияр көйлектерін киіп... айдың жарығында тоқтаусыз билейтін виллисалар билеуге берілген уақыт аяқталуға жақын қалғанын сезген сайын құмарлана әрі жылдамырақ билей түседі, сосын олар мұздай суық мүрделеріне қайта оралады...» (Г. Гейне).

Жизель есімді ауыл қызы Альбертке – шаруа болып киінген ақсүйекке ғашық болады. Жизель жігіт те оны сүйетініне берік сенімді. Альберттің қалыңдығы бар екенінен ол әлі хабарсыз. Көп ұзамай шындық ашылады. Жизель құсадан көз жұмады. О дүниелік болса да, ол өзін сатып кеткен күйеужігітті сүйіп өтеді. Ар-ұяты қинаған Альберт түн ішінде оның қабіріне келгенде, қыз оны виллисалардан құтқарады.

Аталған гастроль бір жыл бұрын қол қойылған қос театрдың Серіктестігі жөніндегі меморандум шеңберінде жүзеге асқан алғашқы жоба екенін атап өтейік.

по материалам: mks.gov.kz