Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты «2015 жылдың сала көшбасшысы» атағына ие болды

22.06.2015 16:56 1357

 

 

Ұлттық бизнес-рейтинг Кеңесі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтына жоғары қаржылық-экономикалық көрсеткіш бойынша «2015 жылдың сала көшбасшысы» айтулы рейтингілік бағдарламасының марапатын табыстады.

Мәдениет институты Алматы қаласының кәсіпорындары арасындағы «Әлеуметтік салық» номинациясы бойынша 2 орынды және Қазақстан Республикасы кәсіпорындары арасынан «Корпоративті табыс салығы» номинациясы бойынша 8 орын үшін бірегей белгілерді иеленді.

Қаз ҒЗМИ-дің жетекшілер құрамына да с жеке марапаттар табысталды. Институттың бас директоры А. Хазбулатов «Экономика мақтанышы» Ордені тапсырылса, бас директордың орынбасары А. Төлеш «Кәсіби жетістіктері үшін» медалімен марапатталды. Мекеменің бас есепшісі С. Байбусынова да марапттан тыс қалмай, «2015 жыл маманы» номинациясы сертификатын иеленді.

Бағдарлама құрылтайшыларының сөзіне қарағанда, ұлттық бизнес-рейтингтің көшбасшылары болған жаңа сипаттағы заманауи кәсіпорындар өздерінің қызметі арқылы елдің келешегін анықтайтын ұжымдар болып табылады. Олар бизнестің жаңа стандарттарын, жаңа заманауи технологиялар енгізіп, әлемдік тәжірибені белсенді түрде зерттеу және жаңа бастамаларға ұмтылады. 

Айтып кету керек, «2015 жылдың сала көшбасшысы» рейтингілік бағдарламасының жүлделері  статистикалық саралау нәтежесі бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу ақпараты негізіне сәйкес табысталады.

по материалам: mks.gov.kz