Елорда күні қарсаңында «Астана Опера» сахнасында лаулаған құштарлық оты жанады

19.06.2015 12:40 1327

 

 

27 маусымда және 3 шілдеде Елорда күні қарсаңында «Астана Опера» театрының Үлкен залында қызғаншақ Зарема, сезімтал Мария және Герей хан арасында лаулаған құштарлық оты баяндалады. Балет қойылымының тұсаукесері елдің опера және балеттің бас театрында үстіміздегі жылдың сәуір айында өтті.

Әрқайсысы өзіндік сезімін, өзіндік ойнау қабілетін паш ететін құрамдар тең түседі, олардың орындауындағы спектакльді ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Тұрсынбек Нұрқалиев және Ғалия Бөрібаева қойған. 27 маусымда Герей партиясын Жандос Әубәкіров, Зарема – Гауһар Усина, Мария – Назерке Аймұхаметова, Вацлав – Еркін Рахметоллаев, Нұрәли – Серік Нақыспеков сомдаса, 3 шілдеде Герей партиясын Жәнібек Иманқұлов, Зарема – Әйгерім Бекетаева, Мария – Мәдина Баспаева, Вацлав – Тайыр Гатауов, Нұрәлиді – Бақтияр Адамжан орындайды.

Қазақстандық хореографтардың қойылымына өнертану ғылымдарының кандидаты, А.Я. Ваганова ат. Орыс балеті академиясының доценті Ольга Розанова баға берді. Өзінің «Тамаша аңыз... Тамаша балет...» атты мақаласында сыншы былай деп жазады: «1934 жылы В. Ходасевич өте жақсы көркемдеген және сол сценографиямен күні бүгінге дейін Мариинский театрында қойылып келе жатқан спектакльмен салыстырғанда қазақтың «Бұрқағы» анағұрлым өзгеше әрі жақсы».

Сюжетке А.С. Пушкиннің, Көз жасының бұрқағы деп те аталатын, Бақшасарай бұрқағы жайлы көне аңыздың негізінде жазылған аттас поэмасы негіз болған. Татардың қатігез қолбасшысы Герей хан Польшада сойқан салады. Кезекті шапқыншылық кезінде ол әскерімен келіп, князь қызы Марияның туған күніне орай өтіп жатқан салтанатты кеште польшалық қамалды басып алады. Жергілікті халықты қырып салған Герей хан, Марияны көргенде ессіз ғашық болады. Сұлулығы күн нұрымен таласқан нәзік тұтқынды Бақшасарайға алып келеді, сол жерде Мария, өзі келгелі бірінші әйел дәрежесінен айырылған, Гирейдің сүйікті жұбайы – Заремаға кезігеді. Герей хан болса, Мариядан өзін ұнатуды жалынумен болады, жас қыз салқынқандылық танытады. Үлкен басы кішірейген Герей хан кеткен кезде, жататын бөлмеге Зарема келеді. Ол ханнан бас тартуды талап етсе, Мария Герейді ешқашан сүйе алмайтынын түсіндіруге тырысады. Алайда Марияның бөлмесінен ханның ұмытып кеткен тақиясын көрген Зареманың қызғанышы басына шауып, жас қызды өлтіріп қояды. Герей ханды жұбату мүмкін емес еді.

по материалам: mks.gov.kz