Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі ҚазҒЗМИ мен Ұлттық академиялық кітапхана ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

23.06.2015 09:40 1667

 

 

2015 жылдың 17 маусымында Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты мен Ұлттық академиялық кітапхана арасында мәдениет пен кітапхана ісі аясында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Құжат келесі іс-шараларды бірігіп жүзеге асырады:

Білім беру саласы:

* біліктілікті арттыру, шығармашылық қызметкерлерді мәдениет пен кітапхана ісіне дайындау және қайта даярлау, оқырмандарға инновациялық және дәстүрлі қызмет көрсету арқылы Қазақстанның бірегей кітап қорын жинау, сақтау;

* мәдениет пен кітапхана ісі бойынша жоғары мамандандырылған кадрларды дайындау;

* тәжірибелер мен ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру;

Ғылыми-зерттеу қызметі:

* біріккен жобаларды дамыту және ғылыми-әдістемелік зерттеу жұмыстары;

* қолданбалы және іргелі ғылыми жобаларға сараптамалық баға жүргізу;

* біріккен ғылыми және оқу-әдістемелік кеңестер мен нұсқауларды жүргізуді ұйымдастыру;

Ғылыми-әдістемелік қызмет:

* ғылыми-тәжірибелік семинарларды, симпозиумдарды, конференцияларды ұйымдастыру, біріккен өзге де іс-шараларға қатысу;

* кітапхана ісі бойынша мәдениет, тарих, өнер салалары аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарының басым бағытындағы консультацияларын анықтауды жүзеге асыру;

* ғылыми рецензиялау, ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарға пікірлер дайындау;

Ақпараттық қызмет:

* мониторингтер өткізу;

* ақпараттармен алмасу;

* біріккен PR акциялар, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасау;

* басылымдармен, ақпараттар және өзге де материалдармен алмасу;

Қоғамдық қызмет:

* қоғамдық ұйымдармен әріптестік қатынастарды дамыту;

* мерекелерді, қоғамдық акцияларды, бұқаралық іс-шараларды өткізу;

* біріккен ғылыми бағдарламаларды ұйымдастыру; сонымен қатар тарих, өнер, кітапхана ісі аясындағы материалдар мен нәтижелерді беру;

Әріптестік туралы келісімді жүзеге асыру мәдениет саласы аясында кадрларды дайындауға, симпозиумдар мен «дөңгелек үстелдерді» өткізуге, мәдениет, ғылым, білім аясындағы тікелей байланыстарды орнатуды дамытады.