ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Мемлекеттік қызметкер күні атап өтілді

23.06.2015 09:40 1640

 

23 маусым, 2015. Астана. Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлер күні атап өтілді. Мереке аясында ведомстваның үздік қызметкерлері құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапатталды.

Министрліктің құрмет грамоталары К. Мағжанова, А. Сатыбалдин, Т. Исқақова, С. Төлебаев, Ә. Тұрғанбаев, Л. Жайықпаева, Т. Исақова, Г. Мұқанова, Б. Байжанов, Б. Халық, А. Шігіроваға тапсырылды. Сонымен қатар ресми құттықтау шеңберінде мәдениет және спорт ведомствасының 15 қызметшісі Министрліктің алғыс хаттарына ие болды.

Сондай-ақ, салтанатты жиын кезінде мемлекеттік органның 2014 жыл мен үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығының жұмыс қорытындылары жария етілді. Қазақстан Президент Әкімшілігінің бағасына қарағанда, Мәдениет және спорт министрлігі қызметінің тиімділігі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің деңгейі Қазақстан Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесінің тапсырмаларын орындау сапасы жоғарылады.

по материалам: mks.gov.kz