Қазақстандықтар Chitra by Newby бірегей коллекциясын бірінші болып тамашалайды

29.06.2015 18:04 1404

 

29 маусым, 2015. Астана. Қазақстан – Chitra by Newby халықаралық топтамасының көрмесі ұйымдастырылатын алғашқы мемлекет болмақ. Көрме Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, N.Sethia Foundation Британдық коммерциялық емес қайырымдылық қоры және Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейімен ұйымдастырылып, Астана күні мен ҚР Ұлттық Музейінің бір жылдығына орайластырылып отыр.  

Chitra by Newby топтамасын жасаушы,  N. Sethia Groupof Companies және N. Sethia Foundation қайырымдылық қорының Төрағасы Нирмал Кумар Сетхия.

Chitra by Newby коллекциясы – Лондонда орналасқан шайдың шығу тарихына байланысты антиквариаттық жалғыз жеке топтама болып табылады. Коллекция құрамына Еуропа, Азия мен Американың декоративтік-сән өнерінің 98 өте бағалы сирек кездесетін және таңқаларлық үлгілері кіреді. Топтама Сун (Х-ХIII ғғ.) әулетінің шай кеселерінен бастап адамзат тарихының мыңжылдығы мен құрлықтарды және  Сацума шебер жұмысының фарфор шәйнектерінен бастап XXI ғасырда жасалған Викториан дәуірінің керемет шай сервиздері мен зергерлік әшекейлерін қамтиды. Chitra топтамасынан шай мәдениетін сақтап қалу талпынысын анық байқауға болады.

Қазақстан Chitra by Newby топтамасының халықаралық көрмесін ашқан алғашқы мемлекет болды. Көрме астана қонақтары мен тұрғындарына құнды жәдігерлермен танысып, шай ішу мәдениетінің бай мұрасымен, адамзатқа белгілі ең көне сусын шайдың тарихымен танысуға мүмкіндік бермек. 

Пресс-конференция қатысушылары: ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы, ҚР Ұлттық музей директоры Д.Мынбай,  Chitra by Newby топтамасының үйлестірушісі Анета Аслаханова, Caroline Caroline McCaffrey үйлестірушісінің орынбасары Анета Аслаханова.

по материалам: mks.gov.kz