Астана күніне орай Мәдениет және спорт министрлігі ашық аспан астында Дж. Вердидің «Аида» операсын қояды

30.06.2015 11:04 1508

 

30 маусым, 2015. Астана. Шілденің 1 жұлдызында Астана күніне орай Мәдениет және спорт министрлігі ерекше жоба — Бейбітшілік және Келісім сарайы алдындағы ашық алаңда Дж. Вердидің «Аида» операсын қояды. Бүгін бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі баспасөз мәслихатында хабарланған болатын.

Мұндай қойылым Қазақстанда сирек кездеседі, сол себепті ұйымдастырушылар ғажайып декорациялар, шоу әсері және отшашуымен безендірілген қойылым елордалықтар мен қала қонақтары үшін нағыз сый болатындығына сенімді.

— Ашық аспан астында спектакль қою — театрда ерекше жанр. Онда көптеген факторлар — театрлық алаңның ауқымдылығы, өзгеше отырғызу және орасан зор көрермен аудиториясы, әртістер санының әдеттегіден айтарлықтай көп болуы, арнайы жарық және бейнеқұралдары, және ең басты ерекшелік:бұл Астана күніне арналғанспектакль-мереке! — деп баяндайды ерекше оқиғаның ұйымдастырушылары.

Көрермен мерекелік көңіл-күйді шынайы декорация болатын Пирамидаға жақындаған кезден-ақ сезетініне режиссер уәде берді,ақ ат ерттеген шабандоздар етегінде оқиға өрбіп жатқан мысырлық сәулетті одан бетер аша түседі. Франко Дзеффиреллидің тамаша декорациялары Ресей Халық суретшісі Вячеслав Окуневтің ұланғайыр бейнеинсталляциясын толықтыра түссе,көрініс соңы Радаместің салтанат құратын сәтінде мерекеге орай берілетін отшашумен аяқталады.

Аталған спектакльде Радамес партиясын орындау үшін Болгариялық тенор Камен Чанев арнайы шақыртылды, бас рольде — тыңдарманның сүйіктісі - «Астана Опера» театрының жетекші солисі Жұпар Ғабдуллина. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина Амнерис партиясын дайындаса, Амонасро — ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Талғат Мұсабаев, Арменияның Халық әртісі Барсег Туманян — аға абыз Рамфис. Спектакльге шамамен 300 адам: солисттер, хор, балет, миманс әртістеріқатысады. Бұл кеште дирижерлық тізгін ҚР Еңбек сіңірген қайраткері маэстро Абзал Мұхитдиновта болады.

Жобаны Ресейдің Халық әртісі Юрий Александров жүзеге асырады. Ол «Аиданы» бірінші рет қойып тұрған жоқ және Қазақстанмен ол ерекше байланыста. Оның есімі Күләш Бәйсейітова ат. театрының және «Астана Опера» театрының ашылуымен тығыз байланысты. Қоюшы режиссер Қазақстанда бірқатар тамаша опералық спектакльді жарыққа шығарған. Біздегі оның соңғы жұмыстарының бірі ретінде, елордалық театрдың визиткасына айналған қазақ операсының маржаны — Мұқан Төлебаевтің «Біржан-Сара» операсын атап өтуге болады.

Шетелдіктердің ішінде Юрий Александров Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығын иеленген және «Достық" марапатына лайық деп танылған алғашқы адам, мұнымен қатар ол ҚР Еңбек сіңірген қайраткері. Қоюшы опера өнерінің жаңашылы деген атаққа ие. Шет елде көп жұмыс жасап, Ла Скалада, Арена ди Веронада, Метрополитен-операдажәне өзге танымал театрларда спектакльдер қойған. Жаңа қазақстандық жоба жайлы режиссершағын пікірінде бөлісті.

Қойылым соншалықты көрініске толы әрі ауқымды болғанымен, Джузеппе Вердидің ұлы музыкасы оның негізгі түйіні болып қалады. Әсем саздың сарынында алып та, көркем көріністер, салтанатты шеру, билер мен әнұран аясында шиеленіскен қайшылықтарға толы жеке бас драмасы өрбиді. Қатыгез абыздар бейнесі арқылы Дж. Верди діни қызметкерлердің зұлматын қаншалықты жек көретінін масқаралайды, өз кезегінде осы зұлматқа Аида мен Радаместің жан сұлулығы һәм өнегелі қажырлығы қарсы тұрады, олардың махаббаты барлық сынға төтеп беріп, өлім алдында да тізе бүкпейді. Аталған опера адам баласының асқақ сезімінің әнұранындай шырқалады.

Баспасөз мәслихатына ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры А. Райымқұлова, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының директоры Т.Әлпиев, Ресей Халық әртісі Ю. Александров, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері дирижер А. Мұхитдинов, «Астана Опера» театрының жетекші солисі Ж. Ғабдуллина, Болгариядан келген тенор К. Чанев қатысты.

по материалам: mks.gov.kz