Астанада мемлекет пен ҮЕҰ-ның өзара іс-қимылы жөніндегі өзекті мәселелер талқыланды

02.07.2015 16:28 1630
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015 жылдың 2 шілдесі күні Астана қаласында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б. Сапарбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді.

Үйлестіру кеңесі 2005 жылдан бері қызмет атқаруда және Үкімет деңгейінде мемлекет пен ҮЕҰ-ның өзара іс-қимылы жөніндегі өзекті мәселелерді талқылаудың маңызды диалог алаңшасы болып табылады.

Отырыс жұмысында еліміздің барлық өңірлерінен ҮЕҰ өкілдері, орталық мемлекеттік органдарының басшылары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты.

Кездесу барысында әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты мемлекеттік өкілеттіктерді азаматтық қоғам институттарына тапсыру мәселелері бойынша Жұмыс тобынының қызметі жөнінде Ұлттық экономика министрлігінің ақпараты тыңдалды. ҮЕҰ-мен жұмысы жөнінде бірқатар жергілікті атқарушы органдар есеп берді.

Сондай-ақ іс-шараның қатысушылары жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы мәселелерін, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс лоттарының тақырыптарын қалыптастыру бойынша Қазақстан азаматтық альянсінің бастамаларын ортаға салды.

Мәдениет және спорт министрлігі ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылы саласында атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.

Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша ҮЕҰ-мен өзара әрекеті тәжірибесін жетілдіру және әлеуметтік саладағы азаматтық бастамаларды іске асыруда жәрдемдесу жөнінде Мәдениет және спорт министрлігі мен басқа да орталық мемлекеттік органдарға хаттамалық тапсырмалар берілді.

по материалам: www.mks.gov.kz