Мәдениет және спорт министрі Қазақ хандығы туралы хикаяны түсіру тобының шығармашылық талпыныстарын қолдайды

08.07.2015 16:16 1559

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9 шілде, 2015. Астана. Бүгін Bnews. kz ақпараттық агенттігіндегі онлайн конференциясы кезінде Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы БАҚ-та белсенді талқыға ие болып жатқан «Қазақ елі" көпбөлімді фильмнің түсірілімі бойынша жағдайға түсініктеме берді.

Ведомства басшысы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақ елі" деген жұмыс атауына ие көпбөлімді фильмді түсіруге дайындық туралы баяндады. Нақты алғанда, бүгінгі таңда 30-дан аса ірі көлемді үлгі жұмыстары аяқталып, костюмдер мен әшекей бұйымдарды даярлау, хикаяның басты рольдеріне актерлерді таңдау, түсірілетін аймақ, табиғаттағы декорациялар, киіз үй іші бойынша үлгілер дайын.

Сонымен қатар ол хикаяны түсіру мен оған дайындық жұмыстарына қаражаттың жетіспеушілігі бойынша жағдайға түсініктеме берді:

«Басынан бастап Қазақ хандығы туралы көпбөлімді фильмді телехикая ретінде түсәру жоспарланды. Алайда түсірлімге дайындық кезінде түсіруші топ ұлттық тарихымыө туралы осынау бірегей жобаны көркем хикая ретінде түсірген дұрыс деген шешімге келді", — деп хабарлады А. Мұхамедиұлы.

Министр түсіру тобының шығармашылық талпыныстарын қолдайды, дегенмен оны жүзеге асыру үшін қосымша қаражат қажет.

«Көркемхикаяны түсіру фильмнің киностудияның аумағынан тыс жерлерде түсіруді көздейді. Оны жүзеге асыру Сығанақ, Сарайшық және Алмалық көне қалалары, Созақ қамалы, Керей және Жәнібек ауылы, секілді көптеген объектілерді тұрғызу қажет. Фильмнің шығармашылық тобы халыққа БАҚ арқылы хикаяны түсіруге атсалысуға үндеу жасады. Олардық бұқаралық ақпарат құралдарына жүгінуінің ақпараттық мәні осында», — деп ойымен бөлісті Арыстанбек Мұхамедиұлы.

«Қазіргі кезде фильмнің түсіруші тобы да, «Қазақфильм» де, Министрлік те бұл хикаяны түсіру үшін қосымша қаражат іздеумен айналысып жатыр. Отандық меценаттар қатарынан бұл жобаға спонсорларды тарту жұмыстарына өзім де жеке қатысуға дайынмын», — деп қосты ол.

Сонымен қатар министр бұл тарихи хикаяны түсіру үшін Министрлік өзінің ішкі қорларының есебінен қосымша қаражат іздейтіндігіне сендірді.

по материалам: mks.gov.kz