Қазақстан мен Үндістан дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

08.07.2015 11:46 1547

 

8 шілде, 2015. Астана. Үндістан Республикасы Премьер-министрі Н. Модидің Қазақстанға ресми сапары аясында Ақордада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Үндістан Республикасы Жастар ісі және спорт министрлігі арасындағы меморандумға қол қойылды.

Аталмыш құжат екі мемлекет арасындағы дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін беріп, нығайтуға өз үлесін қосады деп күтілуде.

Қазақстан тарапынан меморандумға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков, екінші жақ атынан Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Харш Кумар Джайн қол қойды.

Айтып кету керек, Қазақстан мен Үндістан арасында Біріккен Ұлттардың білім беру, ғылым және мәдениет ұйымы шеңберінде, ұлттық мәдени мұра объектілерін қорғау, оларды ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұралар тізіміне жылжыту салаларында тығыз байланыс орнады. Соынмен қатар Қазақстан Үнді мемлекетіне үнді ұлттық мәдениетінің ел тұрғындары арасында дәріптелуіне белсенді қолдау көрсетеді.

Бүгін Қазақстан Республикасының шақыруымен келген Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модидің елімізге ресми сапарының аяқталғандығын еске саламыз.

по материалам: mks.gov.kz