Қазақстандық жүзуші Баландин Кванджудағы Универсиадада екі медаль жеңіп алды

09.07.2015 12:41 1399

 

9 шілде, 2015. Астана. Кванджуда (Корея Республикасы) өтіп жатқан жазғы Универсиаданың екінші күнінде қазақстандық Дмиртий Баландин 100 метрге брасспен жүзуден алтын медаль жеңіп алды. Бұл жолы қазақстандық спортшы жүзудің осы түріндегі 50 метр қашықтықта үшінші орынды иеленді.

Дистанцияны 27.47 с уақытпен аяқтаған Баландин алдына тек серб спортшы Кабе Силади (27.34) мен итальяндық Андреа Тониатоны (27.41) салды. Айтып кету керек, бұл өтіп жатқан Универсиадада Қазақстан құрамасының төртінші қола жүлдесі болып табылады.

Сонымен қатар бүгін Қазақстан құрамасының қоржынына жеңіл атлетші Виктория Зябкина алтын медаль салды. Ол 100 метр қашықтыққа жүгіруден қарсыластарына дес бермеді.

Нәтижесінде, Қазақстан спортшылары екі алтын және төрт қола жүлде иеленіп, Универсиада-2015 жалпыкомандалық есебінің 20-шы орнында. 

по материалам: mks.gov.kz