«Дешті-Қыпшақ. Құпия белгілер» деректі фильмінің тұсаукесерін өткізудің пресс-релизі

13.07.2015 09:38 1843

 

2015 жылдың 15 шілдесінде сағат 19.00-да "Сарыарқа" ОС-да Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі мен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының тапсырысы бойынша Қазақ хандығының 550-жылдығын мерекелеуге арналған екі сериялы «Дешті-Қыпшақ: Құпия белгілер» деректі фильмінің тұсаукесері өтеді. Сценаридің авторы және жобаның режиссері Бақыт Қайырбеков. Фильмнің тең режиссері Алексей Каменский.

ХI ғасырда қыпшақ ұлыстарының территориясы біртіндеп Оңтүстік және Батыс Қазақстан, Поволжье, Кавказ және Қара теңіздің жағалауын қамтыды. Орыс халқына олар половецтер деген атпен белгілі болды. Осылайша, Шыңғысхан шапқыншылығына дейін Алтай мен Еділ территориясында туысқан түркі халықтарының біріккен процессі жүрді. Бұл процесс бір кездері ортақ халықтың құрылуына, бұл жағдайда қазақ халқының құрыулына алып келуге тиіс еді. 

Фильмнің бірінші сериясы қыпшақтар мен армяндардың өзара тығыз байланысына арналған. Олар өздерінен кейін Еуропада қарқынды дамыған қыпшақ-құман-половец тілінің 30 мыңға жуық теңдессіз тұрмыстық және әсіресе әдеби жазба ескерткіштерін қалдырды.

Фильмнің екінші сериясы теңдессіз «CodexCumanicus» кітабына арналған. Оны Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті ақыны Франческо Петрарка венециандық кітапханаға 1362 жылы сыйлыққа берген және ол Венециядағы Марчиана кітапханасында осы күні сақтаулы. «Кодекс Куманикус» (латын тілінен аударғанда «Қыпшақ тілінің сөздігі») — XIV ғасырдың басындағы белгілі құман тілінің (ескіқыпшақтық) дереккөзі. Онда филологтар үшін ғана емес, сондай-ақ тарихшылар үшін де бай материалдар бар. Бұл кітаптың тағдыры жайлы қыпшақ жазбаларының белгілі зерттеушісі Александр Гаркавец айтып береді. Оның сөзі бойынша, бұл ғажайып кітапта орта ғасырлардағы біздің ата-бабаларымыз – қыпшақтардың хорының орындауындағы әнұранның нотасы сақталған.  

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министірілігінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасының қаржыландырумен түркі мәдениетінің «CodexCumanicus» кітабының қайта қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылды.

 

Көрсетілімнің басталу уақыты: 2015 ж. 15 шілде сағ. 19.00

Өтетін орны: Астана қ, «Сарыарқа» СО, Тұран көшесі, 24 үй, 3 қабат, 3 зал 

Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз: 87078048655, Жібек