ICTM 43 Бүкіләлемдік конференцияның қатысушылары Қазақстанда жаңа есімдер ашады

18.07.2015 18:20 1582

 

 

18 шілде, 2015. Астана, ҚазҰӨУ. Осындай қызық кездесулердің бірі ретінде халықаралық музыка мамандары қазақстандық жас дарынды композитор Рахат-би Әбдісағынды (1999 ж. дүниеге келген) атап өтті. Бүгін ол ICTM Бүкіләлемдік дәстүрлі музыка және би конференциясының секцияларының бірінде ағылшын тілінде(Ethnicity trough the prism of modernity) лекция оқыды.

Жас, біртума, ойлы, ерекше… композитор — жас дарын сарапшылардың беделді музыка қауымдастығы арасында дәл осындай әсер қалдырды.

Рахат-би Әбдісағын өзін кең мүмкіндіктері бар және тек музыкада ғана емес, жан-жақты білімді жас композитор ретінде көрсете білді. Бұл қасиет қазіргі жастардың бойында сирек кездесетіндігі рас. Олардың арасында Мураками немесе Ш. Айтматовты оқып, терең ойға санаулылары ғана салынады. Әдеибиеттің осы алыптарын бойынан өткізетін Рахат өз философиялық көзқарастарын музыка арқылы білдіреді.

Рахат-би шығармалары өзінің сан-алуандылығымен, импровизациялары және дыбыстық салыстыруларымен ерекшеленеді. Ол мультифоника, джет, классикалық дуализм, ойдың тоналды және спектралды деңгейі секілді түсініктерді кеңінен қолданады.

Америкалық және африкандық музыканы зерттеуші Скот Валуа Линфорд (Scott Valois Linford. Калифорния Университеті, АҚШ) жас дарынды музыканттың шығармалары туралы былай дейді: «Өте дарынды. Оның шығармаларының стилі өте әуенді және барлық адамдарға түсінікті. Бұл қазіргі заманның, заманауи классикалық музыкасы».

Мажарстанның өкілі, секция модераторы Жанос Сипос (János Sipos): «Рахат-би Әбдісағын өнер көрсетуімен аяқталған секциямыз мені қатты таң қалдырып, қуантты. Оның презентациясының басы ұнады, алайда оның өз музыкасы туралы баяндаған бөлімі одан да тамсандырған болатын. Ол керемет композитор әрі дарынды орындаушы. Оның дарынына қатты қызығушылық танытудамын. Мажарстанда дарынды пианисттер көп, сондықтан мен Рахат-бидің орындаушылық өнеріне өте жоғары баға бере аламын!» — деді.

 

Рахат-би жазуларынан:

… Харуки Мураками — өте дарынды қазіргі заманғы жазушы. Ол өз шығармашылығында адам санасын бөлшектендіру арқылы оқырманды кейіпкер ретінде сезіндіріп, кейіпкердің ойларын түсіну мен болмыстың терең философиялық шыңдарына бөлендіреді.

… Математикада барлық әрекеттердің негізі қосу, айыру, көбейту мен бөлу болса, музыканы дыбыстардың қатары (гамма түрінде), интервал, дыбыс үйлесімдігі (аккорд түрінде) ретінде сипаттауға болады. Математикадағы барлық сандар ноль болмаса, еш мағынасыз болып қалады. Музыкада нольдің рөлін үзіліс ойнайды.

по материалам: mks.gov.kz