ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Алтын көпір» Халықаралық аудармашылар байқауын жариялайды

17.07.2015 14:23 1432

 

 

17 шілде, 2015. Астана. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Ресейдегі Қазақстан Республикасының Елшілігі, Қазақстан Жазушылар одағы және «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігімен бірге «Алтын көпір» Халықаралық аудармашылар байқауын өткізетіндігін жариялайды.

Байқау Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы халықтары арасындағы халықаралық бейбітшілік пен келісімді, өзара түсіністік, әдеби және мәдени қарым-қатынастарды нығайту, тіл мәдениетін дамытуға және таратуға, қазақ әдебиетінің дамуын қолдауға және  насихаттауға жәрдемдесу секілді игі мақсаттарды көздейді.

Байқау поэзия және проза жанрларындағы шығармаларды қазақ тілінен орыс тіліне/орыс тілінен қазақ тіліне аудару секілді номинацияларды қамтиды. Байқаудың әрбір аталымдағы жеңімпаздары дипломмен және 1-орын үшін 200 000 тг, 2-ші орын үшін  150 000 теңге,  3-ші орын – 120 000 теңге көлеміндегі қаржылай сыйлықтармен марапатталатын болады. Өздерін ерекше көрсете білген конкурс қатысушыларына 100 000 теңге көлеміндегі ынталандыру сыйлығы да дайын.

Байқауға 18 жастан асқан Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аудармашылық саласындағы мамандары қатыса алады.

по материалам: mks.gov.kz