Б. Сапарбаев: «Қазақ хандығы» ескерткіші Тараз қаласының символына айналады

27.07.2015 17:29 1489

 

 

Жамбыл облысына жұмыс сапары кезінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Таразда Қазақ хандығының 550-жылдығын тойлау аясында салынып жатқан объектілердің дайындығын тексерді. Бұндай объектілердің қатарында «Қазақ хандығының 550-жылдығы» ескерткіші де болды.

30-метрлік алып ескерткіш қаланың батыс бөлігіндегі «Тараз-Арена» Спорт сарайына қарама қарсы жерде орналасатын болады. Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңыздылығын баяндайтын сәулет композициясы алыстан көрініп, аймақтың ландшафтық көрмесінің доминантасына айналатын болады.

Үкімет басшысының орынбасары «Қазақ хандығы» ескерткішін орнату жұмыстары басталған жерге келіп, оның орналасуының үлгілік сызбаларымен мұқият танысты.

Вице-премьерге хабарланғандай, бүгінгі таңда ескерткішке 3,5 га көлеміндегі аумақ бөлініп, ескерткіш алаңының өлшемдері көрсетілген егжей-тегжейлік сызбасы орналастырылған.

«Тараздың мемлекет үшін маңыздылығы ерекше, оның тарихы бай, - деді Б. Сапарбаев. – Осы аймақта көптеген уақыт бұрын, Талас және Шу өзендерінің арасында Керей және Жәнібек хандар Қазақ хандығын құрған болатын. Бұл жерде орналасатын «Қазақ хандығы» ескерткіші Тараз символына айналады».

Ескерткіш үстіміздегі жылдың қазақ айында ашылады.

по материалам: mks.gov.kz