Елдің тарихы мен мәдениеті – Болашағы біртұтас ұлт

29.07.2015 15:55 1701

 

 

29 шілде, 2015. Астана. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ә. Асқаров, «Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени қорық-мұражайының директоры Т. Молдақынов, «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайының директоры Б. Қожахметов «Елдің тарихы мен мәдениеті - Болашағы біртұтас ұлт» тақырыбында сөз сөйледі.

Елбасының жариялаған бес институционалды реформасының басты бағыттарының бірі болашағы біртұтас ұлт қалыптастыру болып табылады. Бірде бір мемлекеттің болашағы оның өткенін баға беру мен зерделеу, ұлттық тарихы мен мәдениетін зерттеусіз мүмкін емес.

Тарихты зерттеу ежелгі қолжазбалар мен кітаптарға жүгіну, кітапханалардағы жазба жәдігерлермен ықтиятты және талдымсыз жұмыссыз мүмкін емес. Бүгін Қазақстанда кітапхана ісінің дамуына, кітапханалардың жұмысы мен техникалық жабдықтануының жетілдірілуіне ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстандық кітапханалар елдің мәдени және қоғамдық өміріне, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы мен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын насихаттау мен жүзеге асыру үрдісіне белсенді қатысады.

«Алматыдағы Ұлттық кітапхана Қазақ хандығының мерейтойы мен «Мәңгілік ел» патриоттық жобасына байланысты алуан түрлі іс-шараларды өткізіп келеді. Мысалы, Қазақ хандығының мерейтойына орай Кітапхана өз оқырмандарына қаңтар айынан бері үлкен кітап көрмесін ұсынып отыр. Бұл ашық кітап көрмесіне үш мыңның үстінде қолжазбалар, кітаптар мен сирек тарихи құжаттар қойылған», — деді Ұлттық кітапхананың директоры Ә. Асқаров.

Сонымен қатар, Әлібек Асқаровтың хабарлауынша, Мәдени мұра» бағдарламасының шеңберінде 160 том кітап 350 мыңдай тиражбен жарық көріп, 5 мыңға тарта алуан түрлі құнды құжаттар елімізге жеткізілді.

Кез келген халықтың, оның ішінде қазақ халқының да тарихы және мәдениеті іргелес халықтардың тарихымен тығыз байланысты және сол халықтармен әрекеттес һәм әсерлес дамыды. Бақтияр Қожахметов өз сөзінде тоқталып өткендей, архиологиялық табыстар мен тарихи ескерткіштер еуразиялық кеңістіктегі түрлі халықтардың қарым-қатынастары туралы баяндайды.

«Қарағанды облысы жеріндегі археологиялық қазбалардан табылған заттар, жазба деректегі мәліметтер, Орта Азия, Шығыс және Орталық Еуропа, Алтай, Орал өңірі, Еділ бойы, Орта және Таяу Шығыс халықтырының тарихи тамырластығын, Еуропа мен Азияның көшпелі және байланысын сенімді көрсетеді", — деп хабарлады «Ұлытау» қорық-мұражайының директоры.

Көне көшпенді және отырықшы халықтардың тығыз және жемісті байланыстарының жаршысы Ұлытау мекені болып табылады. Дәл осы Ұлытау Алтын Орданың алғашқы орталығы болып, дәл осы жерде қазақ, ноғай, қырым, қазан, өзбек хандықтарының шығуына негіз жасалды. Мәдениеттің өзара әсері жалпы адамзат өркениетіндегі заңды құбылыс екендігіне осы жердің археологиялық дәлектері де айғақ.

Қазақ халқының бай және көпқырлы тарихының өзге куәгері Жамбыл облысы болып табылады. Бұл жердегі Шу және Талас өзендерінің аралығында Жәнібек және Керей хандар Қазақ хандығының негізін қалады. Қазақ хандығының 550-жылдық мерейтойына арналған негізгі шараларда аталмыш аймақта орын алады.

«Осы жылға белгіленген Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орайластыра қолға алынып жатқан ауқымды іс — шаралар — «Ежелгі Тараз» музей — кешенін салу, ұлттық - мәдени орталықтың ғимаратын тұрғызу, қала және ежелгі қаланың ортасынан орын тепкен тарихи жәдігерлеріміздің инфақұрылымын жетілдіру қызу қолға алынуда», — деді Тәкен Молдақынов.

по материалам: mks.gov.kz