Қазақ өнерпаздары Италиядағы классикалық музыка фестиваліне қатысты

05.08.2015 12:30 1600

  

Италияда өткен классикалық музыка фестиваліне қазақ өнерпаздары қатысты. Онда Бақытжан Мұсақожаева жетекшілік ететін «Солистер академиясы» мемлекеттік камералық оркестрдың өнерпаздары қатысты. 

Бұл концерттік бағдарламамен отандастарымыз Италияның тағы да 3 қаласында өнер көрсетті. Сондай-ақ шеберлік сағаттарына қатысуға мүмкіндік алды.

Қазақстандық өнерпаздар Австрия халықын да тәнті етті. Олар Венада өткен «Шығыс-Батыс» фестивалінде өз өнерлерін паш етті. Кейін Женева тұрғындарына арналған мерекелік шараға қатысты. «Қазақ елі" тақырыбымен өткен гала-концертте біздің өнерпаздарымыз аянып қалмады. Әсіресе Қазақстан Ұлттық өнер университеті жанындағы музыкалық мектебінің «Айгөлек» скрипкашылары көрерменнің көңілінен шықты.

по материалам: mks.gov.kz