Абайдың 170-жылдық мерейтойына орай «Аbaialemi.kz» алғашқы энциклопедиялық порталы іске қосылды

06.08.2015 09:58 1744

 

6 тамыз, 2015. Семей. Бүгін ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың 170-жылдық мерейтойын тойлау аясындаwww.abaialemi.kz қазақ жазба әдебиетінің негізін салушының өмірі мен шығармашылығы туралы алғашқы энциклопедиялық интернет порталдың тұсаукесері өтті.

Шараға қоғам және саяси қайраткерлері, әйгілі ақын, жазушылар, түркітанушылар, тарихшылар, ғалымдар, Абай шығармаларын аудармашылар, сонымен қатар таяу және алыс шет мемлекеттерден келген қонақтар қатысты.

www.abaialemi.kz онлайн-порталынан ұлы Абай дәуірі туралы ақпараттың кең базасын, оның оқушы-ізбасарлары, замандастарының естеліктері, абайтанушылар еңбектері, Абайға арналған шығармалар мен т.б. табуға болады.

Сайт қонақтары Абай өмірбаяны, шығармашылығы, Абай әлем тілдерінде, Абай өлеңдері, Абай туралы естеліктер, абайтану, абайтанушы-ғалымдар, «Абай жолы» роман-эпопеясы, естелік жерлер, Абай мұражайы, фотогалерея секілді бөлімдерде қазақ, латын және араб тілдерінде таба алады.

Портал студенттер, оқушы-жастар, абайтанушы-ғалымдар, Абай шығармаларын аударушылар, сонымен қатар ұлы ақынның шығармашылық мұрасымен қызығатын барлық интернет-қолданушыларға пайдалы болады.

Тұсаукесер кезінде ақын шығармашылығы мен бүгінгі күнге дейін беймәлім болып келген өмірлік деректер туралы «Абайдың ұлы жұмбағы» атты жаңа рухани-ағартушылық, деректі фильм көрсетілді.

Айтып кету керек, кеше Семей қаласында ұлы қазақ ақыны, философы, композиторы, ағартушысы, ойшылы, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы және оның алғашқы классигі Абай Құнанбаевтың 170-жылдығын тойлауға арналған мерекелік шаралардың ашылу салтанаты өтті.

по материалам: mks.gov.kz