Вашингтонда «Қазақ хандығына 550 жыл» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

06.08.2015 11:00 1640

 

Вашингтон қаласында (АҚШ) Қазақ хандығының 1465 жылы құрылуына арналға «Қазақ хандығына 550 жыл» деректі фильмінің тұсаукесері өтті.

Джордж Вашингтон Университетінде ұйымдастырылған «тұсау кесу» рәсімінде Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы елшісі Қайрат Омаров, Джордж Вашингтон Университеті Орталық Азия бағдарламасының директоры Марлен Ларуель және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет университетінің бас директоры Андрей Хазбулатов қатысушыларға арналған құттықтау сөз сөйледі.

Деректі фильм Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих ағымында» кітабының негізінде түсірілген. Фильм режиссері – Бақыт Қайырбеков, жобаның атқарушы продюсері – Андрей Хазбулатов.

«Қазақ хандығына 550 жыл» фильмі Қазақ хандығының құрылу тарихына арналған. Ол көне және ортағасырлардағы Шығыс Азия мен  Ұлы Жібек жолы, монғол шапқыншылығы мен әлемнің геосаяси бөлінуі, қазақ халқын жаулап алу тарихнамасы, Шыңғысхан мұрагерлерінің арасындағы талас, 1465 жылы алғашқы дербес Қазақ хандығының құрылуы туралы баяндайды. Сонымен қатар кинофильмде Керей және Жәнібек, олардың ұлдары Қасым және Бұрындық билігі туралы жаңа деректері орын алған.

Екі бөлімнің көрсетілімі ағылшын тілінде өтті. Шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, тәуелсіз сарапшылар мен қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

 

Марлен Ларуэль, Джордж Вашингтон Университетінің профессоры:

Мен деректі фильмнің сапасы мен онда көрсетілген Қазақстан тарихына тәнті болдым. Бұл көптеген тарихи фактілерді жинауға мүмкіндік берген «Мәдени мұра» бағдарламасының жарқын қорытындысы болып табылады.

 

 Рафис Абазов, Колумбия университетінің профессоры:

Аталмыш фильм үш маңызды нәрсені көрсетті. Біріншіден, ол қазақ бабаларының және прото-қазақ мемлекетінің аймақтық және халықаралық алаңда алатын орны мен сол заманның тарихи дамуына қосқан үлесі. Екіншіден, сауда қатынастарын, мәдени алмасу мен Жібек жолындағы дипломатиялық байланыстарын қоса алғанда, Еуразияны мекендеген қыпшақтар мен өзге тайпалардың ролі. Үшіншіден, ұлы географиялық ашулар мен әлемнің жаһандық геоэкономикалық қайта құрылуының қарсаңындағы Шығыс пен Батыс, Азия мен Еуропа, көшпенділер мен отырықшылардың арасындағы терең тарихи байланыстарын көрсетті.

 

Андрей Хазбулатов, жобаның атқарушы директоры:

Фильм Қазақстанның әлемдік тарихтағы орнын көсретеді. Сценарий Қазақстан Республикасы Президенті кітабының негізінде жасалған. Бұл кітапта Президент «Қазіргі Қазақстанның аумағында әлемнің көптеген халықтарына қалыптастырушы әсер еткен түрлі мәдениеттер пайда болды», - деп баса айтқан. Мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне, министр Арыстанбек Мұхамедиұлына бұл жобаға қолдау көрсеткені үшін шексіз алғысымды білдіремін. Бұл фильмнің арқасында Қазақстан және АҚШ арасындағы мәдени ынтымақтастық күшейе түседі деген үміттемін.

 

Пол Тэйлор, Азия мәдениетінің тарихы бағдарламасының директоры,  Смитсон институты:

Бұл фильмнің шетелдегі алғашқы тұсаукесеріне қатысу мен үшін үлкен мәртебе. Барлықтарыңызды Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие Қазақ хандығы құрылуының 550-жылдық мерейтойымен құттықтаймын.

Өмір бойы Смитсон институтында мұражайлық мұрағат құжаттармен жұмыс істеген адам ретінде барлық ұйымдастырушыларды фильмнің сәтті тұсаукесерімен құттықтаймын.