Қазақстандық Бразилиядағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

12.08.2015 17:13 1423

 

12 тамыз, 2015. Астана. Тамыздың 10 мен 12-сі аралығында Бразилияның Сальвадор қаласында грек-рим күресінен жастар арасындағы Әлем чемпионаты өтті. Солтүстік қазақстандық балуан А. Бекболатов біріншіліктің қола жүлдесін қанжығасына байлап келді.

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Архангелка ауылында дүниеге келген Аманғали Бекболатов 50 кг дейінгі салмақ категориясында сәтті өнер көрсетті. Жас спортшының жаттықтырушысы Ерболат Өркешев болып табылады.

Аманғали М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік унверситетінің студенті.

по материалам: mks.gov.kz