Астанада мәдениет және спорт саласының үздік қызметкерлерін марапаттады

28.08.2015 18:27 1899

Мәдениет және спорт Министрлігінде ҚР Конституциясына 20 жыл толуына орай салтанатты жиналыс өтті. Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен үздік мекеме қызметкерлерін марапаттады.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тура және көреген саясатының арқасында 1995 жылы қабылданған Конституция уақыт сынағынан лайықты өтіп, өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Бүгінгі таңда еліміздің Негізгі заңы Қазақстанның дамуына жемісті үлес қосумен қатар, республиканың барлық азаматтарына бірыңғай кепіл болды» деп атап өтті министр.

Арыстанбек Мұхамедиұлы «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалін Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры, философия докторы Андрей Хазбулатовты марапаттап, біздің тәуелсіз еліміздің өркендеуі үшін шығармашылық табыстар тіледі.

ҚР Конституциясының 20-жылдығына арналған жиналыс барысында Арыстанбек Мұхамедиұлы Елбасының ұлт Жоспары «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» тапсырмасы туралы мекемелердің жұмыстарына сәйкес баяндады.

Ұлт Жоспары – 100 нақты қадамды жүзеге асыру аясында мәдениет және спорт Министрлігі қазақ халқының бірлігі мен сәйкестілігі бағытына арналған көлемді жобаларды жүзеге асыруды жоспарлауда. Олардың ішіндегі бастысы – отандық мәдениет пен өнердің бәсекеге қабілеттілін арттыру, «ұлттың мәдени кодын» қалыптастыру негізінде тарихи-мәдени мұраны дамыту» - деп А. Мұхамедиұлы атап өтті.