«МӘҢГІЛІК ЕЛ» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

11.09.2015 17:53 1171

 

 

Қазақ хандығының 550-жылдығы Қазақ хандығының барлық аймақтарында атап өтілуде: халықаралық ғылыми конференциялар мен форумдар, мектеп оқушылары мен студенттер арасындағы олимпиядалар, сахналанған көріністер, фестивальдар, республикалық ақындар айтысы мен музейлік көрмелер өткізілумен қатар кітаптар жарық көріп, көркем және деректі фильмдер және т.б. түсірілуде.

Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты Қазақ хандығының тарихын дәріптеу мақсатында маңызды ақпараттық-танымдық ресурс болып табылатын «Қазақ хандығына 550 жыл» ресми сайтын жасақтады.

Мерейтойдың шарықтау шегі болып «Мәңгілік Ел» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының өткізілуі болды. Конференция отырыстары «Назарбаев Университетінде», Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасында (ҚР ҰАК), ҚР Тұңғыш Президентінің Кітапханасында және Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде өтті.

Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған конференция жұмысына 20 дан астам елдің белгілі ғалымдары мен қатысты. Конференцияның ашылуына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақ хандығының 550-жылдығын дайындау және өткізу Комиссиясының Төрағасы Б.М. Сапарбаев және ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н. Әбдіхалықова сөз сөйледі.

Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ҚР мәдениет және спорт Министрлігінің бастамасымен «Ұлы Даланың Өшпес тарихы» тақырыбы атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын дайындауға және өткізуге белсене атсалысты. Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасымен бірігіп, институт 18 шетелдік және 15 қазақстандық ғалымдарды шақыртуды (АҚШ, Канада, Қытай, Ресей, Индия, Египет, Италия, Франция және т.б.) ұйымдастырды.

Конференцияның басты мақсаты болып – Қазақ мемлекеттілігі тарихындағы өзекті мәселелерді талқылау және Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен қол жеткізген жетістіктерді сараптау, Евразия даласындағы заманауи саяси-әлеуметтік және мәдени үдерістерді талқылау.

Конференция «Қазақ хандығынан – Мәңгілік елге» атты кітап көрмесінің ашылуымен басталды. Ол жерде ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының қорындағы және еліміздің жетекші баспаларындағы 600 ден астам кітап көрсетілді.

ҚазҒЗМИ қоғамдық оқырмандардың назарына институт шығарған, авторы институттың жетекші ғылыми қызметкері болып табылатын, тарих ғылымдарының кандидаты Ирина Ерофееваның «1675-1821 жж. Қазақтың билеуші элитасының хат түріндегі мұрасы»: 2 томдық тарихи құжаттар жинағы және ҚазҒЗМИ бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Александр Гаркавецтің «Codex Cumanicus» Венециандық қолжазба және жаңа оқу» және т.б. кітаптарын ұсынды.

Конференция материалдары негізінде материалдар жинағы шығып, онда институттың бас директоры А.Р. Хазбулатовтың («Қазақ хандығы Ұлы даланың бейнесінде (мемлекеттігінің 550 жылдығына орай)», А.Н. Гаркавецтің («Codex Cumanicus» Венециандық қолжазба және жаңа оқу») және И.В. Ерофееваның («Бізге жеткен халық батыры Алаша-хан: тарихи тұлға немесе аңыз кейіпкері?») баяндамалары енді.