Қазақ хандығының 550-жылдығы. Елордада ірі халықаралық кітап көрмесі ашылды

11.09.2015 10:13 1429

 

11 қыркүйек, 2015. Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Қазақ хандығынан — Мәңгілік елге» халықаралық кітап көрмесі және «Ұлы даланың өшпес тарихы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ашылу рәсімі өтті.

«Қазақ хандығынан — Мәңгілік елге» халықаралық кітап көрмесі отандық және шетелдік ғалым, жазушылардың қазақ халқы мен Қазақ хандығы жөніндегі еңбектерінің ең ірі экспозициясы болып табылады.

Көрмеде ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының, ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының және елдің жетекші баспаларының қорынан алынған 600 кітап ұсынылды. Олардың ішінде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, саясаттану ғылымының докторы, профессор Қ.Сұлтановтың «Елбасы және Қазақ мемлекеттігі" кітабының, Колгейт университетінің саясаттану профессоры Марта Брилл Олкот (АҚШ) «Қазақтар» монографиясының, филология ғылымының докторы, профессор, Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Ә.Дербісәлі кітабының және И. Ганди атындағы ұлттық өнер орталығының профессоры М. Хайдердің (Индия) «Мирза Хайдар Дулати парсылық қайнар көзінде» еңбектері бар.

Көрменің ашылуына халықаралық қауымдастық өкілдері, саяси және қоғам қайраткерлері, мәдениет және өнер қайраткерлері, шығармашылық интеллигенция, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

«Ұлы даланың өшпес тарихы» конференциясының негізгі мақсаттары мен міндеттері қазақстандық историяграфияның келелі мәселелерін, соның ішінде қазақ мемлекеттілігінің пайда болған кезеңі, ұлы қазақ даласы хандарының ролін, қазақ мемлекетінің пайда болу кезеңдерін анықтау, заманауи саяси үрдістерде тарихи тәжірибені ұғыну болып табылады.

Халықаралық жиынның құрметті қонақтарының қатарында әлемнің 18 мемлекетінен келген әйгілі ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері болды. Олардың қатарында қатарында Египет Араб Республикасының мәдениет министрі Абдель Вахид әл Набауи, Иран Ислам Республикасының мәдениет және ислам бағыты министрі Али Джаннати, Белоруссия Республикасының ақпарат министрі Ананич Л. С. және т. б. бар.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б. Сапарбаев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Қ. Сұлтанов, ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы, ҚР МСМ Жауапты хатшысы Қ. Уәлиев, М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің өкілі М. Мейер, І. Есенберлин атындағы қордың директоры Қ. Есенберлин пленарлық жиында қатысушыларға арналған құттықтау сөз сөйледі.

Конференцияда Еуразиялық регионализм, Қазақ хандығының Ұла даладағы орны, Қазақ хандығындағы құқықтық қатынастар, қазақ тіл білімінің пайда болуы секілді мәселелер қарастырылды.

по материалам: mks.gov.kz