Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің шығармашылық ұжымдары Алматыда өнер көрсетеді

14.09.2015 10:29 1514

14 қыркүйек, 2015. Алматы. Бүгін М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында «Алматы – 2015 жылы Ислам мәдениетінің астанасы» жылы аясында Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің шығармашылық ұжымдары мен жекелеген орындаушылар фестивалінің концерті өтеді.  

Ислам мәдениетінің астанасы бағдарламасы едәуір кең өңірлік және халықаралық контексте қалалық салалар мәдениетінің мәнін дамыту мақсатында қалалар мұрасын көрсетудің негізін қалаушы қағидаларын ұынады.

Ислам мәдениетінің астанасы атты халықаралық жоба мәдени алмасудың жоғарғы әлеуетін өзектілеуге, гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамытуға және Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің ынтымақтастығын тереңдетуге шақырылған. Ислам мәдениетінің астанасы құрметті атағы тарихи сабақтастыққа мән береді және Алматы қаласына ислам руханияттылығының жаңғыруына жаңа серпін қосады.

Алматы қаласы ислам мәдениетінің астанасы мәртебесін мерейтойлық 2015 жылы алып отырғаны кездейсоқ емес, өйткені биыл Ислам ынтымақтастық ұйымына Қазақстан мүше болғанына 20 жыл толады. 

Мәдени ынтымақтастық, біздің елдеріміз арасындағы өзара байланыстың маңызды құрауышы ретінде көршілік татулықты, достықты және халықтар арасындағы өзара түсінушілікті нығайту үшін маңызы өте зор.

Концертке Н. Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі, «Гүлдер» эстрадалық би ансамблі (Қазақстан), Фикрет Амиров атындағы Мемлекеттік ән-би ансамблі (Әзірбайжан), «Береке» Мемлекеттік би ансамблі (Қырғызстан), «Таннура» тобы (Египет Араб Республикасы), сондай-ақ Қазақстанның Халық әртісі Ескендір Хасанғалиев и халықаралық конкурстардың лауреаты Біржан Хасанғалиев қатысады. 

по материалам: mks.gov.kz