«Астана Опера» Камералық залының жаңа маусымы

15.09.2015 09:36 1524

 

1 қазанда – Халықаралық музыка күнінде «Астана Опера» театрының Камералық залы III концерттік маусымын ашады. Ұсынылатын қызықты да, мазмұны терең жаңа бағдарламалар тыңдарманды жыл бойы қуантады.

Еліктіріп әкететін «Жылдың сегіз мезгілі» атты алғашқы концертте атақты туындылар – Антонио Вивальдидің «Жыл мезгілдері»циклы және АсторПьяццолланың «Буэнос-Айрестегі жыл мезгілдері»деп аталатын төрткомпозициясы-тангосыұсынылады. Музыкалық жауһарларды ҚР Еңбек сіңірген қайраткері маэстро Абзал Мұхитдиновтің басқаруындағы «Астана Опера»театрының Камералық оркестрі орындайды. Солисттер – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов және Айсұлу Байкенова.

Екі стиль, екі түрлі дәуір,екі түрлі қолтаңба, екі түрлі құрлық …Алайда олардың басын біріктіретіні –көптеген суретшілерді, ақындарды һәм композиторларды жүздегенжылдан бері толғандырып келе жатқан жыл мезгілдері тақырыбы. Жыл мезгілдерінің алмасуы адам өміріндегі кезеңдердің ауысуымен байланыстырылады, осылайша табиғаттың жаңаратын кезі көктем, яғни өмір бастауы – жастықты, ал қыс – өмір жолының соңы – кәрілікті бейнелейді.

-Музыканттар екі түрлі композитордың шығармаларын орындайды, олардың  әрқайсысы өзінше бір ғұлама, өз дәуірінің символы болды. Егер Антонио Вивальдиөмір циклынбароккостилінде жеткізсе, Астор Пьяццолла оны аргентиналық тангоныңнақышымен жазды. Аталған композитор «тұрмыстық биді» биік өнер деңгейіне дейін көтеріп, классикалық тангоның негізін қалаушы болғаны белгілі. Пьяццоллабұл стильде көптеген шығармалар жазғанын және олардың бір-біріне ұқсамайтынын атап өтейін. Біздің концертте астаналық көрермен заманауи латынамерикалық музыканың және джаздың ырғағымен үйлесетін классикалық музыкадан сусындайды, - дейді музыкатанушы, Камералық залдың жетекшісі Маржан Жәкенова.

«Астана Опера» театрының шығармашылық ұжымы Камералық залда өтетін, көпшілік сүйіп қалған «Bel canto», «Балалар абонементі» және басқаабонементтермен қатар сәрсенбі күндері ұйымдастырылатын «Музыкалық орта» атты концерттер легін әзірледі. Мұнымен қатар көрерменді, елшіліктердің қолғабысының арқасында жүзеге асатын, шетелдің жарқыраған ұжымдарымен шақыртылған әртістері қатысатын ұмытылмас кездесулер күтіп тұр.

- Біз Камералық залды ашамыз және барша тыңдарманымызды қуана шақырамыз, оларға алуан-түрлі қызықты концерттер дайындадық. Біздің мақсатымыз – әсемдікті жеткізу. Біздің тұрақты көрерменімізге айналған жандарға алғысымызды айтамыз, сіздер әртістерге зор ынта, шабыт бересіздер, бойға қанат бітіріп, бақыт сыйлайсыздар, - деп сөзін түйіндеді музыкатанушы.

 

по материалам: mks.gov.kz