«ТҮРІКСОЙ» опера күндеріне «Астана-Опера» әртістері қатысты

28.09.2015 11:58 1618

 

 

2015 жылдың 15-24 қыркүйек күндері түркі халықтарының тарихи және мәдени дәстүрлерін сақтап, байытуға бағытталған көптеген ауқымды жобаларды іске асырып жүрген ТҮРІКСОЙ халықаралық ұйымы кезекті «ТҮРІКСОЙ Опера күндерін» өткізді.

Концерттер Стамбұлдағы Лейла Генчер атындағы опера орталығының сахнасында дирижер Айтүг Ульгеннің басшылығымен Түрік мемлекеттік опера және балет театры оркестрінің сүйемелдеуімен басталды.

Бұдан әрі шара Солтүстік Кипрде Беллапайс аббаттығында жалғасты. Бұл монастырь біраз жылдардан бері ТҮРІКСОЙ опера күндерінің дәстүрлі алаңы болып келеді. Финалдық концерт ХХІІ халықаралық опера және балет фестивалі аясында Анталиядағы Аспендос ежелгі театрында өтті.

Опера және балет өнері фестивалінде Анталия мемлекеттік оркестрінің сүйемелдеуімен Моцарттың, Вердидің, Россинидің және Беллинидің әлемдік классикалық шығармаларымен қатар қазіргі түркі композиторлары К.Караевтың, З.Исмагиловтың, К.Молдобасановтың, В.Адыгюзеловтің шығармалары алғаш рет орындалды. 

Биылғы 18-ші ТҮРІКСОЙ-дың опера күндерінде алғаш рет балет өнерінің әртістері қатысты. Оның бағдарламасында А.Хачатурянның «Спартак» балетінен адажионы Қазақстанның мемлекеттік  «Астана-Опера» театрының бишілері Әнел Рүстемова мен Бақтияр Адамжанов орындады. К.Караевтың «Жеті ару» әзербайжан балетінен адажионы Әзербайжан мемлекеттік академиялық опера және балет театрының бишілері Анара Микайлова мен Аян Эйвазова орындады. Түрік бишілері Өзген Онат пен Ильхан Дургуттың орындауында «Дон Кихот» балетінен гранд көрермендердің қошеметіне ие болды.

18-ші ТҮРІКСОЙ опера күндеріне Әзербайжаннан (Фарида Мамедова, Ильхам Назаров), Қазақстаннан (Жұпар Ғабдулина), Қырғызстаннан (Бактыбек Ыбыкеев пен Эльнура Самарбекова), Түркиядан (Зеррин Карслы), СКТР-нан (Бесте Берк), Татарстаннан (Артур және Эльза Исламовтар), Башқұртстаннан (Светлана Арғынбаева) Түркіменстаннан (Бибіжамал Аманова), Шыңжаң өлкесінен  (Дильбер Юнус), барлығы 9 ел мен аймақтан 20 әнші және биші қатысты.

Дәстүр бойынша, жыл сайынғы опера күндерін ТҮРІКСОЙ түркі әлемнің көрнекті тұлғаларына арнап келеді. Өткен жылы ол қазақтың ұлы композиторы Мұқан Төлебаевқа арналса, биылғы өнер мерекесі Қырғыздың көрнекті опера әртісі Болот Мыңжылқиевке арналып отыр.

«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының жетекші солисі  Жұпар Ғабдуллина:

- ТҮРІКСОЙДЫН 18 опера күндеріне қатысқаныма өте қуаныштымын. Осы жылы фестиваль кырғыздын атақты әншісі Болот Мынжылкиевтын атына арналып отыр. Мына Аспендос театрында бірінші рет әң шыркап отырмын және маған өте ұнады. Бұл деген опера әншілері үшін үлкен мәртебе, өйткені әр әнші осындай ашық аланда, ашык амфитеатрдарда ән айтқанды ансайды. Сондықтанда бүгін өте жақсы концерт болды деп ойлаймын.

по материалам: mks.gov.kz