ІІІ Халықаралық «ART – Самғау-2015» фестиваль-байқауның ашылу салтанаты

06.10.2015 11:56 1563

 

6 қазан, 2015. Алматы. ҚР Тұңғыш Президенті – ЕлбасыҚорының мәжіліс залында«Қазақстанның көптүсті палитрасы» атты  ІІІ Халықаралық «ART – Самғау-2015» фестиваль-байқауының ашылу салтанаты өткізіледі.

Фестиваль қазақтың ұлттық өнері мен рухани құндылықтарын насихаттау, шетел мемлекеттерінің өнер ордалары мен Қазақстанның көркемсурет  колледждері арасында шығармашылық ынтымақтастықты арттыру, өнер саласындағы жас дарындарды анықтау  мақсатында ұйымдастырылған.

ҚР Тұңғыш Президенті–Елбасы  Қоры шаңырағында  Болгария, Египет, ҚХР, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінің  өнер ордалары мен  Қазақстанның көркемсурет  колледждерінің жас суретшілерінің «Үй жұмысы» аталымы бойынша 50 шығармашылық жұмыстарынан тұратын экспозиция қойылады. 

Ашылу салтанатында мұражай басшылары, байқауға қатысушы мемлекет Елшілігінің өкілдері мен өнер майталмандары болады.

Фестивальді ұйымдастырушы ҚР Тұңғыш Президенті–Елбасы  Қорының және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының мектеп-интернат, колледжі. 

по материалам: http://mks.gov.kz