Қазақстандық әнші «Жаңа толқын-2015» танымал музыка орындаушы жастардың халықаралық фестивалінде екінші орын алды

12.10.2015 15:25 1507

 

12 қазан, 2015. Астана. Өткен демалыста Сочи қаласында (Ресей) «Жаңа толқын-2015» танымал музыка орындаушы жастардың халықаралық фестивалінің соңғы байқау күні өтті. Биыл Қазақстанның намысын екі қатысушы: әнші Ademi және VoiceKZ тобы қорғады.

Жас әншілер байқауының қорытындысы бойынша қазақстандық әнші  Ademi (Динара Қайрова) үздік үштікке еніп, индонезиялық әнші Millane Fernandez екінші орынды бөлісті. Екеуі де үш күнде 279 ұпай жиған, ал VoiceKZ квартеті 271 ұпаймен рейтингте үшінші орыннан сегізіншіге түсті. Үш күнде де байқауда хорватиялық Damir Kedzo көш бастады.

Байқаудың ақтық күнінде Динара Батырхан Шүкеновтің құрметіне арналған әнді орындады.

Ademi, Алматы тұрғыны – халықаралық қатынастар және халықаралық туризм саласындағы жоғары білікті маман.   Варнадағы (Болгария), Ресейдегі («Ресей жұлдызы»), Испаниядағы халықаралық музыкалық байқау лауреаты, Сочидегі «Еуропа үміті» халықаралық музыкалық байқауының екінші сыйлығының лауреаты.   Мальта, Австрия, Германия, Италия және Чехиядағы түрлі халықаралық музыкалық  фестивальдерге қатысқан. 

VoiceKZ – алматылық ерлер квартеті. Құрамында Саяхат Рашанбеков, Асан Әбілмажинов, Нұрхат Сегізбай және Ернар Сәдірбаев өнер көрсетеді. Ұжым Euro Pop Contest (гран-при, Берлин, Германия) Халықаралық вокалисттер байқауына қатысып, «Золотой конкурс - 2014» (Мәскеу, Ресей) Халықаралық вокал байқауының екінші орнын иемденді. Canzoni Dal Mondo - 2014 (Равелло, Италия) Халықаралық байқауында көрермендер көзайымы жүлдесін иемденді.

Фотосуреттер интернет кеңістігінен алынды.

по материалам: mks.gov.kz