Мемлекеттік Орталық музейі «Алтын алма» Орталық Азия қолөнер көрме-жәрмеңкесіне шақырады

01.10.2015 16:26 1703

  

1 қазан, 2015. Астана. 3-4 қазанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі (Алматы қ.) және «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығы бірлесіп, «Алтын алма» атты Орталық-Азия қолөнер көрме-жәрмеңкесін өткізеді.

Бұл дәстүрлі өткізілетін сәндік-қолданбалы өнер көрмесіне Қазақстанның барлық аймағынан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Ресейден 150-ден астам қолөнерші қатысады.

Орта Азия халықтарының сәндік-қолданбалы өнер көрме-жәрмеңкесі жылына төрт мәрте өткізіледі. Дәстүрлі іс-шараға айналған көрме-жәрмеңкеде сәндік-қолданбалы өнерді бағалаушы жандар алуан реңді шығыс базарынан, сувенирлік заттар, киіз және жібек бұйымдар, кілемдер, зергерлік бұйымдар, керамика, бейнелеу өнер туындыларын және тағы көптеген сан алуан заттарды тек қана тамашалап қоймай сатып ала алады.

«Алтын алма» көрмесіне келушілерге «алма» бейнеленген базарлықтар мен кәдесый өнімдерінің мол топтамасы ұсынылады. Алма әлемдегі білім, үміт, даналық, махаббат, отбасылық бақыт, ана мен бала, ұзақ ғұмыр нышандарынан ең танымал символдардың бірі. Әрі алма біздің қаламыздың символы болып саналады.

Сәндік-қолданбалы өнер шеберлері бұл нышандарды өздерінің туындыларында — картина, зергерлік бұйым, панно, гобелен, киіз және тері бұйымдарында, батик сияқты өнімдерінде бейнелеген. Алма бейнеленген кәдесыйдыкез-келген жастағы жанға сый етіп тартуға болады. Алма бейнеленген кәдесыйлар молшылық пен сәттілікті нышандайды.

Орта-Азиялық қолөнер көрме-жәрмеңкесіне келушілерді әр алуан қызық бағдарламалар күтеді: хас шеберлердің бұйымдарымен танысу, қыштан бұйымдар жасау бойынша шеберлік-класс өткізу, әртүрлі шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламасы, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің қатысуымен өткізілетін күн сайынғы лотереялық ұтыс ойындары, викторина ойнатылады. Бау-бақша өсірушілер ғажайып алма жәрмеңкесін ұсынады. Музейдің кинозалында Алматы қаласы тарихына арналған музей қорындағы фотоматериалдар көрсетіледі.

Жәрмеңкеге келген барша отбасы мүшелері таңғажайып сәндік-қолданбалы өнер әлеміне сапар шегіп, терең танымдық және қызықты әсерлерге бөленеді.  

по материалам: mks.gov.kz