Жәния Әубәкірова – «Жібек Жолы» фестивалінің қонағы

13.10.2015 15:04 1639

 

13 қазан, 2015. Астана. 16 қазанда «Астана Опера» театрының Үлкен залында дүние жүзіне әйгілі пианиношы, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Жәния Әубәкірова II «Жібек Жолы» халықаралық фестивалінің аясында концерт береді. Концерт"Астана Опера» симфониялық оркестрінің қатысуымен өтеді. Дирижерлық тізгінде әлемдегі ең сұранысы жоғары маэстролардың бірі - Дориан Уилсон (АҚШ).

Концертті ТілесҚажығалиевтің «Қыз қуу» симфониялық күйі ашады. Оны А. Дворжактың соңғы тамаша симфониясы — композитордың АҚШ-қа келгеннен кейін осы елдің ұлттық музыкасының негізінде жазылған «Жаңа Әлемінен» №9 симфониясыжалғастырады. Бұл оның ең әйгілі симфониясы болып табылады. Аталған шығарманың тұсауы атақты Карнеги-холда кесілгенін айта кетейік.

Бағдарламада сонымен қатар Сергей Рахманиновтың Фортепианомен оркестрге арналған № 3 ре минор, op. 30концерті орындалады. Музыкалық туынды 106 жыл бұрын дүниеге келген, алайда күні бүгінге дейін автордың ең танымал және жиі орындалатын шығармаларының бірі болып табылады. Концертфортепианолық репертуарда ең күрделі әрі мағынасы кең концерттердің бірі ретінде жоғары беделге ие.

Жәния Әубәкірова П.И. Чайковский ат. Мәскеудің мемлекеттік консерваториясын және «фортепиано» класының аспирантурасын (профессор Л. Н. Власенконың класы) тәмамдады. Маргарет Лонг және Жак Тибо халықаралық конкурсындаБас жүлде және «Француздық композиторлардың заманауи шығармаларын үздік орындағаны үшін"арнайы сыйлықты (Франция, 1983 ж.)және Камералық ансамбльдердің халықаралық конкурсында Бас жүлдені(Франция, 1985 ж.) иеленді.

по материалам: mks.gov.kz