ТМД қатысушы-мемлекеттері шығармашыл және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің Х-шы форумына қазақстандық және шетелдік БАҚ тілшілеріне аккредитация ашылды

15.10.2015 09:57 1408

 

2015 жылдың 22-23 қазанында Астанада ТМД қатысушы-мемлекеттері шығармашыл және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің Х-шы форумы өтеді. Посткеңестік кеңістіктегі ең ірі мәдени-ғылыми шараға қатысу үшін Елордамызға Достастықтың барлық мемлекеттерінен 200-ге жуық делегаттар келеді.

Форумның алқа отырысына Гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қорының (ГЫМҚ) төрағасы, Әзірбайжан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Палад Бюльбюльоғлы,ГЫМҚ тете төрағасы, Ресей Федерациясы Президентінің Халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкой, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева,Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, танымал қоғам қайраткерлері, ғылым, мәдениет, білім өкілдері, ТМД министрліктері мен ведомстваларының өкілдері қатысады деп күтілуде.

Мерейтойлық форум жұмысы «Достастықтың гуманитарлық кеңістігі: ортақ құндылықтар және мәдениеттер сұхбаты» тақырыбына арналған. Бұл тақырып заманауи үрдістер мен жұмыс формалары мен басты бағыттарын есепке ала отырып достастық жоспарларын талқылауды көздейді.

Форум алқа отырысы барысында «Дебюттер достастығы» жүлдесінің лауреаттарын марапаттау өтеді. Бұл халықаралық жүлде 2008 жылы Гуманитарлық ынтымақтастық кеңесі және Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қорымен бекітілген болатын.

Өткізу күні мен уақыты: Форумның ашылуы — 2015 жылғы 22 қазан, сағ. 10:00.

Өткізу орны: Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 54, ҚР Ұлттық музейі

Журналисттерді аккредитациядан өткізу үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне келесі телефон номерлері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 74 04 05, 74 04 07.

по материалам: mks.gov.kz