ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Қарағанды облысы арасында мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды реттеу саласындағы өзара әрекеттестік туралы Меморандум бекітілді

19.10.2015 10:24 1482

 

2015 жылғы 17 қазанда ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы мен Қарағанды облысының әкімі Н.Әбдібеков арасында мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды реттеу саласындағы өзара әрекеттестік туралы Меморандумды бекіту рәсімі болып өтті.

Меморандумның мақсаты діни саладағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және елдің дамуындағы зайырлылық қағидаттарды ілгерілету бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың күштерін біріктіруді көздейді.

Тараптар Меморандумды бекіту барысында Қазақстанның көпэтникалық және көпконфессиялық саналуандығымен ерекшеленетін санаулы елдердің қатарына енетінін атап көрсетті. Олар осы тұрғыда Елбасының еліміздегі этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін одан әрі нығайту мақсатында жүргізіп отырған саясатын іске асыра беретіндерін жеткізді.

Тараптар өздерінің діни саладағы негізгі бағыттары бойынша ұзақ мерзімге ынтымақтасатыны туралы уағдаласты. Бұл бағыттағы негізгі басымдық облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне әдістемелік көрсетуге, радикалдық діни ағымдардың ұстанушылары арасында мақсатты алдын алу және оңалту жұмыстарын өткізуге және ҚР Үкіметінің және жергілікті деңгейдегі облыс, қала, аудан әкімдіктері жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестердің жұмыс пәрменділігін көтеруге бағытталатын болады.

Осындай меморандумдар алдағы таяу уақытта басқа өңірлермен де қол қойылатын болады.

Фото «Қазақпарат» ХАА сайтынан алынды.

по материалам: mks.gov.kz