Шәмші Қалдаяқовтың 85 жылдық мерейтойына арналған «Менің Қазақстаным» VI Халықаралық ән фестивалі шақырады...

23.10.2015 09:45 936

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен  2015 жылы 25-27 қазан күндері Астана қаласында Шәмші Қалдаяқовтың 85 жылдық мерейтойына арналған «Менің Қазақстаным» VI Халықаралық ән фестивалі өтеді.

Фестиваль ән салу өнерін дамыту, қазақ вальсінің патшасы Шәмші Қалдаяқов әндерін халық арасында орындайтын дарынды жастарға қолдау көрсету және қазақстандық эстрада өнері шеберлерінің өнерін халыққа ұсыну мақсатымен өткізіледі.

Аталмыш фестиваль 2 кезеңнен тұрады. Барлық кезеңдер халық алдында өткізіліп, фестиваль қатысушылары Шәмші Қалдаяқовтың репертуарынан 4 ән орындайды. Фестивальдің Бас жүлдесіне 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық қарастырылған.

Бұл фестивальге Қазақстан сахнасының шеберлері ҚР халық артисі Нұрғали Нүсіпжанов, ҚР еңбек сіңірген артистері Майра Ілиясова, Майра Мұхамедқызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Хадиша Шалабаева, Азамат Жылтыркөзов, халықаралық конкурстардың лауреаттары Маржан Арапбаева, Оралхан Алтынбеков, Бауыржан Исаев, Салтанат Байжұманова, Алмас Кішкенбаев және Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным-2014» атты халықаралық ән фестивалінің Бас жүлдегері Қанатбек Айбек қатысады.

Фестиваль бағдарламасы 

2015 жылғы 25 қазан

Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Шабыт» концерт залы

11:00 — Фестивальдің ашылу салтанаты

 

14:00-20:00 — Фестивальдің I кезеңі 

2015 жылғы 26 қазан

Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Шабыт» концерт залы

10:00-20:00 — Фестивальдің II кезеңі

  

2015 жылғы 27 қазан

«Бейбітшілік және келісім сарайы»

19:00 — Лауреаттардың марапаттау рәсімі және Гала- концерт

 

по материалам: mks.gov.kz