«Тіл – тұтастық кепілі» республикалық байқауының қорытындылары жарияланды

21.10.2015 09:51 1545

 

21 қазан, 2015. Астана. Мәдениет және спорт министрлігі ҚР Бас прокуратурасымен бірлесе отырып, құқық қорғау органдары және басқа да әскери мекемелер қызметкерлерінің арасында «Тіл -тұтастық кепілі" республикалық байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты құқық қорғау, арнайы және басқа да мемлекеттік органдар қызметкерлерінің арасында мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау болып табылды.

Байқау: Таныстыру, бейнеролик, патриоттық әндер және «Қазақ хандығының 550 жылдығына» арналған сахналандырылған көрініс кезеңдерінен тұрды.

Байқауға ҚР Жоғарғы Соты, ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Қорғаныс министрлігінің командалары қатысты.

Байқау ҚР Мәдениет және спорт министрі және ҚР Бас Прокуратурасының құттықтау сөзімен ашылды.

Байқауға ЕҰУ-нің профессоры, қоғам қайраткері М. Жолдасбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты О. Асанғазы, ҚР Президентi Әкiмшiлiгi Жалпы бөлiмiнiң меңгерушiсi М. Жақыпов, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы мемлекеттік мекемесінің атқарушы директоры Б. Жұмабеков, Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профессоры С. Негимов, «Мемлекеттік тілді дамыту» қорының директоры А. Шәуеев және Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Е. Нұрғалиев төрағалық етті.

Нәтижесінде Бас жүлде ҚР Қорғаныс министрлігінің «Бес қару», бірінші орын ҚР Мемлекеттік Күзет қызметінің «Қалқан», екінші орын ҚР Бас прокуратурасының «Заң сақшылары», ал үшінші орынды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Жалын» және ҚР Жоғарғы сотының «Тура би» командалары иеленді.

Командалар арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

по материалам: mks.gov.kz