Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени ынтымақтастықтың жаңа кезеңі

29.10.2015 11:31 1628

 

29 қазан, 2015. Қытай. Бүгін Сиань қ. (ҚХР) Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының мәдениет министрліктері арасында тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау, жаңғырту және консервациялау саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Жұмыс сапарының маңызды нәтижесі Астана қаласында өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесі аясында 2017 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Терракот әскерлері" бірегей көрмесін өткізу туралы уағдаластық болып отыр.

Меморандумға Қытайдың тарихи бесігі саналатын Сиань қаласы Шаньси провинциясының тарихи құндылықтарды қорғау жөніндегі зерттеу институтында қол қойылды.

«Біздің елдер арасындағы мәдени ынтымақтастық саласындағы бұл келісім «Мәңгілік мұра» ұлттық стратегиялық жобасын және әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру жөніндегі ұлттық жоспардың 100 қадамын іске асыруда маңызды кезең болып табылады» — деп атап өтті Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлова.

Тарих, мәдениет ескерткіштерін сақтау, жаңғырту және консервациялау саласында, білім саласында ынтымақтастық туралы меморандумға ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті мен ҚХР мәдениет Министрлігі Шаньси тарихи құндылықтары Департаментінің басшылары қол қойды.

ҚХР Мәдениет министрлігінің шақыруы бойынша өткен Қазақстаннның бас мәдени ведомствасы өкілдері сапарының маңызды нәтижесі Астанада өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесі аясында 2017 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде әйгілі «Терракот әскерлері" көрмесін ұйымдастыру және өткізу уағдаластығы болды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлова, ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Жазира Кульбаева, реставрация, сақтаужәне археология саласының отандық жетекші мамандары кірген қазақстандық делегация ресми сапар барысында Қытайдың жетекші мәдени нысандарда, атап айтқанда Цинь әулеті Бірінші императорының музейінде, Шаньси тарихи музейі, Шаньси провинциясында археология институтында, СУАР музейінде болды.

по материалам: mks.gov.kz