ЭКСПО-2017 қатысушылары Қытайдың танымал «Терракота әскерлері» көрмесін тамашалауға мүмкіндік алмақ

29.10.2015 11:41 1674

 

29 қазан, 2015. Сиань қ., Қытай. Бірегей «Терракота әскерлері" Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырылуы мүмкін. Уағдаластыққа ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлованың жұмыс сапары аясында қол жеткізілді.

Елімізде әлемнің сегізінші кереметі саналатын «Терракота әскерлері" көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі келіссөздер Қазақстаннның бас мәдени ведомствасы өкілдері мен реставрация, сақтау және археология саласының отандық жетекші мамандарының ҚХР мәдениет Министрлігінің шақыруы бойынша Қытайға сапары аясында өтті.

Өздеріңізге белгілі, «Терракот әскерлері" - әлемдік ЮНЕСКО мәдени мұрасының және Қытайдың мемлекеттік деңгейіндегі нысандар тізіміне енгізілген дүниежүзіндегі танымал теңдессіз тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі. Терракот әскерлерінің табылуы 20-ғасырдың ең үлкен жаңалықтарының бірі болды.

Әлемнің сегізінші кереметі саналатын император Цинь Шихуанды күзетіп тұрған тарихи және мәдени маңыздылығы теңдессіз терракот әскерлері Қытай елінің басты мәдени нысандарының бірі. Ежелгі шеберлер қолынан шыққан бірегей туындылар сол кезеңнің әскери әлеуетін, мәдениет мен экономикасын толық зерттеуге мүмкіндік береді.

2002 жылы Ральф Грюнеберг және Буркард Пфренцигер сияқты мүсіншілер әскерлердің дәл көшірмесін жасады. Олар ежелгі әдіс арқылы 150 ескерткіш жасап шығарды. Бұл көрме әлемнің бірқатар қалаларында Стокгольм (Швеция), Дорнбирн (Австрия), Брюссель (Бельгия) болғаны белгілі. Қазақстан осы көрмені ұйымдастырған Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет болмақ.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Сиань қ. (ҚХР) Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының мәдениет министрліктері арасында тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау, жаңғырту және консервациялау саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.

по материалам: mks.gov.kz